«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығы
(2018.07.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 17 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңының 152-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 152-бабының 3-тармағына, «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017.09.08. № 287 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) іске асыратын тауарларға (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге) бағалар;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету және зейнетақы саласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) іске асыратын тауарларға (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге) бағалар;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік жер кадастрын жүргізу бойынша қызмет саласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) іске асыратын тауарларға (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге) бағалар;