«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» 2016 жылғы 19 ақпандағы № 11-ө және «Заңнаманы жүйелеу және оны жаңғырту жөніндегі комиссия туралы» 2018 жылғы 13 тамыздағы № 102-ө өкімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 87-ө өкімі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» 2016 жылғы 19 ақпандағы № 11-ө және «Заңнаманы жүйелеу және оны жаңғырту жөніндегі комиссия туралы» 2018 жылғы 13 тамыздағы № 102-ө өкімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 87-ө өкімі

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 11-ө өкімінде:

көрсетілген өкіммен бекітілген Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.»;

көрсетілген өкіммен бекітілген Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:

мыналар:

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі;

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы;

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы;

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заң шығару және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры;

«М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті» акционерлік қоғамы Жоғары құқық мектебінің директоры (келісу бойынша);

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Жоғарғы Сот аппараты) басшысының орынбасары (келісу бойынша);

«Nur Otan» партиясының орталық аппараты басшысының орынбасары (келісу бойынша) енгізілсін;

мына:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.