«Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелу жағдайларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 126 бұйрығы

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелу жағдайларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 126 бұйрығы

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 101-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелудің мынадай жағдайлары айқындалсын:

1) Қазақстан Республикасының аумағында халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше ахуалдарды болғызбауға және (немесе) олардың салдарын жою;

2) төтенше жағдай енгізу кезеңі;

3) аса қауіпті инфекциялық және паразиттік аурулардың профилактикасы және оларды емдеу;

4) орфандық (сирек кездесетін) ауруларды емдеу.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.