«Жол-көлік оқиғаларына жедел ден қою және онда зардап шеккен адамдарға уақтылы кешенді көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 919, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 819 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 688 бірлескен бұйрығы (2019.28.06. берілген өзгерістермен)

Жол-көлік оқиғаларына жедел ден қою және онда зардап шеккен адамдарға уақтылы кешенді көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 919, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 819 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 688 бірлескен бұйрығы

(2019.28.06. берілген өзгерістермен)

 

«Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған Жол-көлік оқиғаларына жедел ден қою және онда зардап шеккен адамдарға уақтылы кешенді көмек көрсету қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы құқықтық нормативтік актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.