«Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобильмен өту пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 213 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 247 бірлескен бұйрығы (күші жойылды)

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобильмен өту пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 213 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 247 бірлескен бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 120 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2018 жылғы 20 ақпандағы № 64 бірлескен бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 192-бабының 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру қағидасы бекітілсін.

2. «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобильмен өту пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 422 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 336 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 26 шілдеде № 7086 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне (Д. Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.