«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясының құрамын бекіту және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 478 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясының құрамын бекіту және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 478 бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 215 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясы туралы Ереженің 2, 6, 7, 8, 12-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясының мүшелігіне кандидаттарды іріктеу жөніндегі жұмыс тобының 2024 жылғы 11 шілдедегі хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясының құрамы бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті осы бұйрық бекітілген күннен бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында күнтізбелік бір күн ішінде орналастырсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр

А. Әлназарова

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2024 жылғы 24 шілдедегі

№ 478 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясының құрамы

 

 

Ержан Шәкірұлы Нұрлыбаев

 

-

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, Формулярлық комиссияның төрағасы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.