Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының, сақтандыру агенттерінің міндетті түрде сақталуға жататын құжаттарды сақтау қағидаларын және Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының, сақтандыру агенттерінің міндетті түрде сақталуға жататын құжаттарының тізбелерін және оларды сақтау мерзімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 171 Қаулысы
(2026.31.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025.23.12. № 82 Қаулысымен (2026 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.12.10. № 140 Қаулысымен (2026 ж. 31 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабына, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021.24.02. № 42 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының, сақтандыру агенттерінің міндетті түрде сақталуға жататын құжаттарды сақтау қағидалары;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының міндетті түрде сақталуға жататын құжаттарының тізбесі және оларды сақтау мерзімі;