Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 тамыздағы № 373 Қаулысы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қостанай облысы әкімдігінің
2019 жылғы 28 тамыздағы
№ 373 қаулысына
қосымша
Қостанай облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының
тізбесі