«Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің м.а. 2026 жылғы 1 қыркүйектегі № 1001 бұйрығы

 «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің м.а. 2026 жылғы 1 қыркүйектегі № 1001 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14881 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Азаматтар, мыналарды:

1) әскери-есептік мамандығы жоқ әйелдерді;

2) әскери қызметтен отставкаға шығарылған немесе запаста болудың шекті жасына толуына байланысты әскери есептен алып тасталған не әскери есептен алып тасталып, әскери қызметке жарамсыз деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарын;

3) бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын;

4) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын;

5) Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін, сондай-ақ əскери, арнаулы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын қоспағанда, әскери есепке алынуға жатады.».

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.