Осы редакция 2017 жылғы 20 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 5 маусымдағы
№ 192 қаулысымен бекітілген
«Ағаш кесу және орман билетін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - қағаз нысанда ағаш кесу және (немесе) орман билетін беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөнінде дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-әрекеттер тәртібін сипаттау
4. Еркін нысандағы өтініш мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы өтінішті қабылдап, рәсімдеп, 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына құжаттарды қарастыру және рәсімдеу үшін жолдайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы:
орман орналастыру материалдары мен нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мүмкіндігін қарастырады;