«Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою және мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 105 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 15 қыркүйектегі № 457 бұйрығы

 «Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою және мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 105 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 15 қыркүйектегі № 457 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою және мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 105 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35912 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою және мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру қағидаларында:

4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Уәкілетті орган ақпараттық жүйелер арқылы:

1) отбасының бірге тұратын барлық мүшелеріне тіркелген тұрғылықты жерінің мекенжайы туралы мәліметтерді;

2) мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан есепке қою үшін өтініш берушіге және оның отбасының бірге тұратын мүшелеріне меншік құқығында соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында тиесілі тұрғын үйдің немесе жалғыз тұрғынжайдағы елу немесе елуден астам пайыз үлесі болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді;

3) мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан есепке қою үшін өтініш берушіге және оның отбасының бірге тұратын мүшелеріне меншік құқығында соңғы бес жыл ішінде осы елді мекенде тиесілі тұрғын үйдің немесе жалғыз тұрғынжайдағы елу немесе елуден астам пайыз үлесі болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді алады.»;

6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.