(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «II, III ЖӘНЕ IV САНАТТАҒЫ ОБЪЕКТІЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ...

Осы редакция 2018 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Энергетика министрінің 2016.21.01. № 19 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Энергетика министрінің м.а. 2017.15.03. № 96 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2015 жылғы 23 сәуірдегі

№ 301 бұйрығына

7-қосымша

 

 

«II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2017.15.03. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру - II санаттағы объектілер үшін - бір айдан, III және IV санаттардағы объектілер үшін 10 (он) жұмыс күнінен аспайды;

қайталама мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру - II санаттағы объектілер үшін - он жұмыс күнінен, III және IV санаттардағы объектілер үшін бес жұмыс күнінен аспайды;

алдын ала сараптама - үш жұмыс күнінен аспайды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.