(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ШАРТ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘ...

Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт Ұйымының құқықтық мәртебесi туралы
КЕЛІСІМ

(Кишинев қ., 2002 ж. 7 қазан)

(2007.06.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2018 жылғы 8 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2003 ж. 2 шілдедегі № 450-11 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Келісім бекітілді

 

Ұжымдық қауіпсiздiк туралы Шартқа қатысушы мемлекеттер,

1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы Шарттың негiзiнде (бұдан әрi - Шарт),

халықаралық құқықтың жалпыға танылған принциптерiн басшылыққа ала отырып,

Ұжымдық қауiпсiздiк туралы Шарт Ұйымының (бұдан әрi - Ұйым) мақсаттары мен принциптерiн тиiмдi iске асыру үшiн қажеттi жағдайлармен қамтамасыз етуге ниет білдiре отырып,

төмендегілер туралы келiстi:

2007 ж. 6 қазандағы Хаттамамен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

1-бап

Осы Келісімнің мақсаттары үшiн келтiрiлген төмендегi терминдер мынаны білдiредi:

«Тараптар» - осы Келісімге қатысушы мемлекеттер;

«мүше-мемлекеттер» - Ұйымға мүше-мемлекеттер;

«Кеңес» - Ұйым Жарғысының IV-тарауына сәйкес құрылған Ұжымдық қауiпсiздiк кеңесi;

«мекендеу мемлекетi» - Ұйым Хатшылығы орналасатын немесе iс-шара өткiзiлетiн аумақтағы мүше-мемлекет;

«Ұйым органдары» - Ұжымдық қауiпсiздiк кеңесi, Сыртқы iстер министрлерiнiң кеңесi, Қорғаныс министрлерiнiң кеңесi, Ұйымға мүше-мемлекеттер Қауiпсiздiк кеңесi хатшыларының комитетi;

«мүше-мемлекеттердің өкiлдерi» - Ұйым жанындағы мүше мемлекеттердің Өкілетті өкілдерін қоспағанда, Ұйым шеңберiнде өткiзiлетiн iс-шараларға қатысатын делегациялардың басшылары мен мүшелерiн қоса алғанда Ұйымға мүше-мемлекеттердiң өкiлдерi;

«Ұйым жанындағы Өкілетті өкіл» (бұдан әрі - Өкіл) - Ұйымға мүше мемлекеттің оның ұлттық заңнамасына сәйкес тағайындалатын, жіберетін мемлекеттің Ұйым мәселелері жөніндегі қызметі үшін және Ұйым Жарғысының IV тарауына сәйкес құрылған Тұрақты Кеңестің жұмысы үшін қажетті өкілеттік берілген өкіл;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.