«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 15 сәуірдегі № 273 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде:
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«23) үшінші тараптан келетін тауарлардың импортына қатысты сауда шараларын үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты қолдануы алдында жүргізілген тергеп-тексерулер шеңберінде мемлекеттік органдардан және ұйымнан алынған, оның ішінде құпия ақпаратты үшінші тараптың заңнамасында айқындалған тиісті цифрлық жүйеге жүктеу арқылы беру жағдайларын қоспағанда, оны сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган арқылы үшінші тараптың құзыретті органдарына беруді жүзеге асыру;»;
35-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«35-5) цифрлық жүйеде тіркеу қағидаларын бекіту;»;
54) және 55) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«54) қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ цифрлық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;