«Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 4/9 «Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендері аумағындағы жасыл екпелерді жасаудың, күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 17/8 шешімі

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 4/9 «Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендері аумағындағы жасыл екпелерді жасаудың, күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 17/8 шешімі

 

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендері аумағындағы жасыл екпелерді жасаудың, күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 30 маусымдағы № 4/9 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

жоғарыда аталған шешіммен бекітілген қосымшада:

4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«4-тарау. Жасыл екпелерді құру, күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі шаралар»;

26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«26. Жасыл екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау өзара байланысты жұмыстардың мынадай кешендеріне бөлінеді:

1) ағаштарды, бұталарды, көпжылдық гүлдер мен бұталы қоршауды үш жылдық күтіммен (қажет болса топырақты ауыстыру арқылы) отырғызу;

2) бір жылдық гүлзарлар мен көгалдардың құрылысы;

3) ағаштарды кесу, қайта отырғызу;

4) үш жылдық күтімімен ағаштарды өтемдік отырғызу;

5) жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету);

6) жасыл екпелерді мониторингтеу, түгендеу.»;

мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.