«Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына және «Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларын, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 701 бұйрығы
(2026.03.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 20 наурыздағы № 123 бұйрығымен 2026 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026.29.05. № 265 бұйрығымен күші жойылды (2026 ж. 3 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. «Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларын, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16165 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 қаңтарда ҚР НҚА эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларында, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанында:
3-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
5-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) кезінде салынған объектіні пайдалануға беру актісінің бұрын берілген техникалық жобаға сәйкестігі жөнінде жобалаушымен келісім жүргізеді.»;