«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын орау үшін қолданылатын полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамаларды, аралас материалдардан ораманы өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы енгізуіне байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 539 бұйрығы (күші жойылды)

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын орау үшін қолданылатын полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамаларды, аралас материалдардан ораманы өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы енгізуіне байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 539 бұйрығы

 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 16 қарашадағы № 470 бұйрығымен күші жойылды

 

2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 28-13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын орау үшін қолданылатын полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамаларды, аралас материалдардан ораманы өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы енгізуіне байланысты шығыстарды өтеу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.