«Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шiлдедегi № ҚР ДСМ-63 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 26 маусымдағы № 61 бұйрығы

«Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шiлдедегi № ҚР ДСМ-63 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 26 маусымдағы № 61 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шiлдедегi № ҚР ДСМ-63 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28716 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. ЖБП циклінің көлемі 46 академиялық кредитті құрайды. Олардың 41 академиялық кредиті міндетті компонент пәндеріне тиесілі: Қазақстан тарихы, Философия, Қазақ (орыс) тілі, Шетел тілі, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Дене тәрбиесі, Әлеуметтік-саяси білім модулі (саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану, психология).»;

10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Денсаулық сақтау даярлау бағыты бойынша жоғары білім беру бағдарламалары бойынша ДБ циклі оқу пәндерін зерделеуді және кәсіптік практикадан өтуді қамтиды және бағдарламаның жалпы көлемі 240 немесе 300 кредиттен кемінде 120 немесе 150 академиялық кредитті құрайды.

11. Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламалары бойынша БП циклі оқу пәндерін зерделеуді және кәсіптік практикадан өтуді қамтиды және бағдарламаның жалпы көлемі 300 немесе 360 кредиттен кемінде 75 немесе 105 академиялық кредитті құрайды.»;

33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.