«Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 18 мамырдағы № 220 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 2 мамырдағы № 392 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 18 мамырдағы № 220 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7148 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің қару-жарақ пен әскери техника жөніндегі орынбасарына жүктелсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Әуе кемесiн тiркеу (шығару) және Хабарлама беру тәртiбi»;
5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1. Тізілімге тіркелуге жататын ұшқышсыз әуе кемелері мынадай санаттарға бөлінеді:
1) орындалатын міндеттердің арналуы мен түрі бойынша:
жауынгерлік (соққы беретін) – авиациялық зақымдау құралдарымен соққы беру үшін арналған әуе кемелері;
барлау – инфрақызыл және теледидарлық диапазондарда барлау, қадағалау құралдарымен әуеде барлау жүргізу және қашықтықты лазерлік метрлеу үшін арналған әуе кемелері;
көп мақсатты – бір уақытта немесе ұшуға арналған тапсырмаға байланысты бірнеше міндетті шешу үшін арналған әуе кемелері;
2) басқару қағидаты бойынша:
автономды – оператордың араласуынсыз навигациялық кешенге енгізілген бағдарламаға сәйкес ұшу тапсырмасын орындайтын әуе кемелері;
қашықтықтан басқару – жерүсті басқару станциясынан (басқару пунктінен) оператор басқаратын әуе кемелері;