(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «CУ ҚОРҒАУ АЙМАҚТАРЫ, БЕЛДЕУЛЕРІ, ОЛАРДЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ...

Cу қорғау аймақтары, белдеулері, олардың шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары туралы
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 24 шілдедегі № 200 Қаулысы

 

Осы редакция 2018 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39 бабына, 116 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» № 19-1/446 бұйрығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Белгіленсін:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының су нысандары мен су шаруашылығы құрылымдарының су қорғау аймақтары мен белдеулері;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының су нысандары мен су шаруашылығы құрылымдарының су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары.

2. Облыстың қала, аудан әкімдері заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) тиісті облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың аумағында орналасқан су нысандары мен су шаруашылығы құрылымдарының су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын, олардың шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларының сақталуын;

2) жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болдырмау, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтау үшін осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген су нысандары мен су шаруашылығы құрылымдарын санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сай келетін күйде ұстауды қамтамасыз етсін.

3. Облыстың қала, аудан әкімдері заңнамада белгіленген тәртіппен су қорғау белгiлерiнің сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдансын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.