(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «УАҚЫТША ӘКІМШІНІҢ, УАҚЫТША БАСҚАРУШЫНЫҢ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ...

Уақытша әкімшінің, уақытша басқарушының және оңалтуды басқарушының борышкердің қаржылық тұрақтылығы туралы, сондай-ақ оңалту жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыруды ескере отырып, банкроттықты басқарушының борышкердің қаржылық тұрақтылығы туралы қорытындыларының үлгілік нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 404 бұйрығы

 

Осы редакция 2025 жылғы 9 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес уақытша әкімшінің борышкердің қаржылық тұрақтылығы туралы қорытындысының үлгілік нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес уақытша басқарушының борышкердің қаржылық тұрақтылығы туралы қорытындысының үлгілік нысаны;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес оңалтуды басқарушының борышкердің қаржылық тұрақтылығы туралы қорытындысының үлгілік нысаны;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес оңалту жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыруды ескере отырып, банкроттықты басқарушының борышкердің қаржылық тұрақтылығы туралы қорытындысының үлгілік нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.