(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖҰМЫССЫЗ АЗАМАТТАРҒА АНЫҚТАМА БЕРУ» МЕМЛЕКЕТТІК КӨР...

Осы редакция 2016 жылғы 21 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Ақмола облысы әкімдігінің

2015 жылғы 23 қазандағы

№ А-11/495 қаулысымен

бекітілді

 

 

«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсетудің өтінішін қабылдау және нәтижесін беру:

1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО);

2) көрсетілетін қызметті беруші;

3) «электрондық үкімет»: www.egov. kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады (бұдан әрі - анықтама).

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны - электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттар мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады (бұдан әрі - Стандарт).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.