Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 25 ақпандағы № А-2/90 «Ақмола облысының 2022 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № А-8/368 Қаулысы
Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 25 ақпандағы № А-2/90 «Ақмола облысының 2022 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26932 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақмола облысының әкімі | Е. Маржикпаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
2022 жылғы 5 тамыздағы
№ А-8/368 қаулысына
қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің
2022 жылғы 25 ақпандағы
№ А-2/90 қаулысына
1-қосымша
Ақмола облысының 2022 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша
субсидиялар көлемдері
| № | Субсидиялау бағыттары | Өлшем бірлігі | Субсидия көлемі | Субсидия сомасы, мың теңге |
| Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | ||||
| 1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | |||
| 1.1 | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | Бас/шағылыстыру маусымы | 26 622 | 266 220 |
| 1.2 | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | Бас/шағылыстыру маусымы | 10 365 | 155 475 |