«Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 30 мамырдағы № 103-НҚ бұйрығы

Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 30 мамырдағы № 103-НҚ бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 16-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару және бюджет саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберу;

2) осы бұйрықты Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Су ресурстары және ирригация

 министрінің міндетін атқарушы

 

 

Е. Ибрайханов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Су ресурстары және ирригация

министрінің м.а.

2025 жылғы 30 мамырдағы

№ 103-НҚ бұйрықпен бекітілген

 

 

Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы мемлекеттік тапсырмасының құнын белгілеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 16-бабының 4-тармағына сәйкес бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу тәртібін айқындайды.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу тәртібі

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.