«Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 маусымдағы № 344 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 24 қазандағы № 354 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 маусымдағы № 344 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15456 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 54-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 54-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау тәртібін айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) авиациялық медицина - авиациялық ұшуды медициналық қамтамасыз ету мәселелерін зерделеуге арналған медицина саласы;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) авиациялық медициналық сарапшының сертификаты (бұдан әрі - сарапшының сертификаты) - авиациялық медициналық сарапшыға медициналық куәландыру жүргізуге және медициналық сертификат беруге құқық беретін құжат;»;
7) тармақша алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Сарапшыға тағайындау немесе сарапшы сертификатының қолданылу мерзімін ұзарту үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға мынадай құжаттарды ұсынады: