(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӨЗДІГІНЕН ЖҮРЕТІН ШАҒЫН КӨЛЕМДІ КЕМЕЛЕРДІ ЖҮРГІЗУ Қ...

«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № А-7/336 Қаулысы

(2016.25.05. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2017 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабындағы 3-тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ұсынылып отырған «Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д. Н. Нұрмолдинға жүктелсін.

3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ «Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығы қолданысқа енгізілуден бұрын емес, қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі

С. Кулагин

 

Ақмола облысы әкімдігінің 2016.25.05. № А-7/242 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Ақмола облысы әкімдігінің

2015 жылғы 16 шілдедегі

№ А-7/336 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.