«Қаржы мониторингі субъектілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 1000 бұйрығы (күші жойылды)

Қаржы мониторингі субъектілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 1000 бұйрығы

 

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 9 тамыздағы № 6 бұйрығымен күші жойылды

 

«Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 8- тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған қаржы мониторингі субъектілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптар осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 533 «Қаржы мониторингі субъектілерін жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығы (Қазақстан Респуликасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік Тізімінде № 10001 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 23 қаңтарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті заңнамада бекітілген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақмашаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсыну.

4. Осы бұйрық 2020 жылғы 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.