«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 828 Жарлығы (2024.27.12. берілген өзгерістермен)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

(2024.27.12. берілген өзгерістермен)

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Астана, Ақорда, 2019 жылғы қаңтардың 24-і.

 

                 № 828

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2019 жылғы 24 қаңтардағы

№ 828 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін

ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

 

1. ҚР Президентінің 2023.31.07. № 290 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. ҚР Президентінің 2024.27.12. № 747 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

3. «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

«1. Мемлекеттік саяси лауазымдар» деген тарауда:

«Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының министрлері, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары»;

«2. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар» деген тарауда:

«Б» корпусы бөлімінде:

В санаттары тобының В-2 санатында:

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті директорының орынбасары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның ведомствосы департаменті директорының орынбасары»;

С санаттарының тобында:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.