(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛА...

Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2017 жылғы 11 шілдедегі № 324 бұйрығы

(2023.14.07. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 29 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.29.06. № 186 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 14 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 104) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

2. «Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 33 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13115 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 ақпанда «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Е.Е.Ерсайынов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.