«Газ тарату құбырларын пайдалану және жөндеу» кәсіптік стандарты (Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 479 бұйрығына 12-қосымша) (2025.01.11. берілген өзгерістермен)

ҚР Энергетика министрінің 2025.15.10. № 387-н/қ бұйрығымен кәсіптік стандарты жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрі

2024 жылғы 23 желтоқсандағы

№ 479 бұйрығына 12-қосымша

 

 

Кəсіптік стандарт:

«Газ тарату құбырларын пайдалану жəне жөндеу»

(2025.01.11. берілген өзгерістермен)

 

 

1-ші тарау. Жалпы ережелер

 

1. Кəсіптік стандарттың қолдану аясы: «Газ тарату құбырларын пайдалану жəне жөндеу» кəсіптік стандарты (бұдан əрі - кəсіптік стандарт) Қазақстан Республикасының «Кəсіптік біліктіліктер туралы» Заңының 5-бабы 5-тармағына сəйкес əзірленген. Аталған стандарт тарату газ құбырының сенімді əрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге байланысты негізгі кəсіптерді құрылымдауға арналған. Онда орындалатын жұмыстардың сипаттамалары мен жұмыскерлердің негізгі еңбек функциялары сипатталады, бұл өз кезегінде олардың біліктілік жəне құзыреттілік деңгейіне, еңбек жағдайлары мен сапасына қойылатын талаптарды айқындауға мүмкіндік береді. Осы кəсіптік стандарт кəсіпорын қызметкерлерін оқытуға арналған білім беру бағдарламаларын əзірлеуге, сондай-ақ қызметкерлер мен оқу орындары түлектерін сертификаттауға негіз болады.

2. Осы кəсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:

1) авариялық-қалпына келтіру жұмыстары - төтенше жағдай (зақымдау) аумағында орындалатын, қирау ошақтарын жоғары қауіпті ошақтарды оқшауландыру, құбырлардағы апаттар мен зақымдарды жою жөніндегі бірінші кезектегі жұмыстар;

2) біліктілік - еңбек нарығы жəне одан əрі білім алу үшін меңгерілген құзыреттердің құндылығын ресми тану, бұл еңбек қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

3) білім - кəсіптік міндеттер аясында əрекеттерді орындау үшін қажетті зерттелген жəне меңгерілген ақпарат;

4) бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы - жұмысшылардың жұмыстарына тарифтік разрядтар беру жəне жұмысты тарификациялау үшін арналған анықтамалық;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.