(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚҚА БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2005 ЖЫЛҒЫ 30 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ №...

Предыдущая страница

1-қосымшаның реттік нөмірі 83 және 84-жолдары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

 

 

Банктің салымдар тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленуі тиіс активтер есебіне түсіндірме

 

1. Салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, банктің түзетілген құны көрсетілген активтер көлемінің 50 пайызынан кем емес қамтамасыз етуі бар (Салымдық тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер мен міндеттемелер кестесінің 1-3, 9-11, 14-16-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) осы тармаққа сәйкес банктерде түзетілген қамтамасыз ету құнын айқындауға мүмкіндік беретін барабар есепке алу жүйелері болған кезде түзетілген қамтамасыз ету құнын шегергендегі тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер есебіне енгізілуі мүмкін қарыздар.

Түзетілген қамтамасыз ету құны (Салымдық тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер мен міндеттемелер кестесінің 1-3, 9-11, 14-16-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) мыналарға:

салымдар, оның ішінде осы банктегі қамтамасыз ету ретінде ұсынылғандары сомасының 100 пайызына;

қамтамасыз етуге берілген бағалы қағаздардың нарықтық құнының 95 пайызына;

қамтамасыз етуге берілген тазартылған қымбат металдардың нарықтық құнының 85 пайызына тең болады.

Жоғарыда көрсетілген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың қамтамасыз етілмеген бөлігі салымдарға, дебиторлық берешекке, сатып алынған бағалы қағаздарға сәйкес келетін тәуекел дәрежесі бойынша осы Кестеге сай сараланады.

2. Банк инвестициясының есебіне енгізілмеген, қарсы агенттен төмен тәуекел дәрежесі бар ұйымдар кепілдік берген (сақтандырған) салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған исламдық бағалы қағаздар, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландырудағы коммерциялық кредиттер тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтердің (банк инвестициясының есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған исламдық бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепілдік берілген (сақтандырылған) сомасын шегергендегі) есебіне борышкердің тәуекел дәрежесі бойынша енгізілуі мүмкін.

Банк инвестициясының есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған исламдық бағалы қағаздардың, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландырудағы коммерциялық кредиттердің, инвестициялардың кепілдік берілген (сақтандырылған) сомасы тиісті кепілгердің (сақтандырушының) дебиторлық берешегінің тәуекел дәрежесі бойынша сараланады.

3. Осы Түсіндірмелердің 1-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасының:

1) оффшорлық аймақтар аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген;

2) оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген, жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 пайыздан астамына ие заңды тұлғаға тәуелді немесе оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген заңды тұлғаға қатысы еншілес болып табылатын;

3) оффшорлық аймақтардың азаматтары болып табылатын резиденті еместерге берілген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған исламдық бағалы қағаздар және сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландырудағы коммерциялық кредиттер осы Түсіндірмелердің 1-тармағында көрсетілген қамтамасыз етуінің болу-болмауына қарамастан, салымдардың тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген банк активтерінің Кестесіне сәйкес тәуекел дәрежесі бойынша сараланады.

4. Осы Түсіндірмелердің 1-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасының:

1) оффшорлық аймақтар аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген, бірақ Standard & Poor's агенттігінің «АА-»-тен төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе көрсетілген деңгейден төмен емес рейтингі бар бас ұйымның міндеттемелерінің барлық сомасының қамтамасыз етуіне тиісті кепілдігі бар;

2) Қазақстан Республикасының оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы оффшорлық аймақтар тізбесіне жатқызған, ақпарат алмасу жөнінде міндеттемелер қабылдамаған мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын резиденті еместерге немесе жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 пайыздан астамына ие заңды тұлғаларға тәуелді не көрсетілген оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген заңды тұлғаларға қатысты еншілес болып табылатын ұйымдарға талаптарды есептемегенде, оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген, жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 пайызынан астамына ие заңды тұлғаға тәуелді немесе оффшорлық аймақ аумағында тіркелген, бірақ көрсетілген деңгейден төмен емес рейтингі немесе рейтингі көрсетілген деңгейден төмен емес бас ұйымның міндеттемелерінің барлық сомасының қамтамасыз етуіне тиісті кепілдігі бар заңды тұлғаға қатысты еншілес болып табылатын резиденті еместерге берілген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған исламдық бағалы қағаздар және сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландырудағы коммерциялық кредиттер тәуекелдің нөлдік дәрежесі бойынша сараланады.

5. Салымдар тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленген банк активтерін есептеу мақсаттары үшін:

жеке тұлғаларға тұрғын үй құрылысы үшін не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берілген ипотекалық қарыз ипотекалық тұрғын үй қарызы болып түсініледі;

тұтынушылық кредит деп сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландырудағы коммерциялық кредиттер, жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді сатып алуға берілген кредит түсініледі.

6. Егер исламдық бағалы қағаз шығарылымының арнайы рейтингіне ие болса, онда тәуекел дәрежесі бойынша банк активтерін саралау кезінде бағалы қағаз рейтингін ескеру қажет.

7. Валюталардың айырбас бағамының және қымбат металдар бағамдарының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдарының есебіне енгізілген активтерді қоспағанда, Нұсқаулықтың 9-тармағына сәйкес нарықтық тәуекел ескеріле отырып активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің есебіне енгізілген активтер кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің есебіне енгізілмейді.

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.27.05. № 97 Қаулысымен 1-1-қосымшамен толықтырылды

Екінші деңгейдегі банктер үшін

пруденциалдық нормативтер есеп

айырысуларының нормативтік мәні

мен әдістемесі туралы нұсқаулыққа

1-1-қосымша

 

 

Банк капиталының құрамындағы құралдарды жіктеуге арналған
критерий