«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 190 бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 95 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 190 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 16 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті туралы ережеде:
14-тармақ мынадай мазмұндағы 64-1), 64-2), 64-3), 64-4) және 64-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«64-1) теміржол көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасында көзделген уақытша теңгерімдеуші төлемді есептеу және төлеу қағидаларын әзірлеу;
64-2) инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысандарын әзірлеу;
64-3) табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенттерін әзірлеу;
64-4) кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау қағидаларын әзірлеу;