«Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 18 мамырдағы № 220 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 499 бұйрығы

 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 18 мамырдағы № 220 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 499 бұйрығы

 

 «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 45-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 18 мамырдағы № 220 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7148 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

«5-1. Тізілімге тіркелуге жататын ұшқышсыз ұшу аппараттары мынадай санаттарға бөлінеді:

1) орындалатын міндеттердің арналуы мен түрі бойынша:

жауынгерлік (соққы беретін) - авиациялық зақымдау құралдарымен соққы беру үшін арналған әуе кемесі;

барлау - инфрақызыл және теледидарлық диапазондарда барлау, қадағалау құралдарымен әуеде барлау жүргізу және қашықтықты лазерлік метрлеу үшін арналған әуе кемесі;

көп мақсатты - бір уақытта немесе ұшуға арналған тапсырмаға байланысты бірнеше міндетті шешу үшін арналған әуе кемесі;

2) басқару қағидаты бойынша:

автономды - оператордың араласуынсыз навигациялық жиынтыққа енгізілген бағдарламаға сәйкес ұшу тапсырмасын орындайтын әуе кемесі;

қашықтықтан басқару - жерүсті басқару станциясынан (басқару пунктінен) оператор басқаратын әуе кемесі;

аралас - ұшуда оператор жерүсті басқару станциясынан (басқару пунктінен) автоматты түрде немесе көрсетілген тәсілдерді үйлестірумен басқаратын әуе кемесі;

3) массалық-габариттік сипаттамалары бойынша:

микро - барынша ұшу массасы 10 килограмнан аз болатын әуе кемесі;

шағын - барынша ұшу массасы 10 килограмнан 100 килограмға дейінгі әуе кемесі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.