Осы редакция 2017 жылғы 7 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 132 бұйрығына
7-қосымша
«Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
«электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталдары (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап:
аккредиттеу туралы куәлігін берген (бұдан әрі - куәлік) кезде - 15 (он бес) жұмыс күні;
куәлікті қайта рәсімдеу кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні;
телнұсқасын берген кезінде - 2 (екі) жұмыс күні;
«Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» (бұдан әрі - Заң) 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағына сәйкес, егер өтініш берушімен ұсынылған құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күннің ішінде өтінішті қараудан дәлелді бас тарту туралы хабардар етеді.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетуге рұқсат берілетін ең ұзақ уақыт - 20 (жиырма) минут.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.