«Менеджмент және кадрларды даярлау саласында үздік халықаралық стандарттар негізінде педагогикалық мамандықтарға отандық және шетелдік мамандардың оқытуы үшін 2016 жылға арналған бюджеттік қаражатты бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 26 қазандағы № 627 бұйрығы (2016.21.11. берілген өзгерістермен)

Менеджмент және кадрларды даярлау саласында үздік халықаралық стандарттар негізінде педагогикалық мамандықтарға отандық және шетелдік мамандардың оқытуы үшін 2016 жылға арналған бюджеттік қаражатты бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 26 қазандағы № 627 бұйрығы

(2016.21.11. берілген өзгерістермен)

 

204 100 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» бюджеттік бағдарламасы шеңберіндегі қаржыны ұтымды пайдалану және тиімді жұмысты қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.21.11. № 667 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес менеджмент және кадрларды даярлау саласында үздік халықаралық стандарттар негізінде педагогикалық мамандықтарда оқытуға шетелдік мамандарды тарту үшін 2016 жылға арналған бюджеттік қаражатты бөлу жоспары (бұдан әрі - Жоспар);

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мамандардың қазақстандық жоғары оқу орындарында жұмыс істеу кезеңіндегі қызмет нәтижелері туралы есеп нысаны бекітілсін.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.21.11. № 667 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Жоспарда көрсетілген Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының ректорлары:

1) менеджмент және кадрларды даярлау саласында үздік халықаралық стандарттар негізінде педагогикалық мамандықтарда оқытуға шетелдік мамандар тарту жұмысын ұйымдастырсын;

2) Жоспарға сәйкес бөлінген қаражаттың толығымен игерілуін қамтамасыз етсін;

3) осы бұйрыққа қоса беріліп отырған есеп нысанына сәйкес шақырылған мамандардың жұмыс кезеңінің аяқталуы бойынша атқарылған жұмыс туралы есепті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ұсынсын.

3. Қаржы департаменті (А.Ә. Өтешова) Жоспарға сәйкес уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.