«Қазақстан Республикасы Парламентінің Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Парламентінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 19-VII ҚРП Қаулысы

Қазақстан Республикасы Парламентінің Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Парламентінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 19-VII ҚРП Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламенті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Парламентінің 1996 жылғы 20 мамырдағы Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Парламентінің Регламентіне Қазақстан Республикасы Парламентінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі қаулысымен құрылған Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының Қазақстан Республикасы Парламентінің Регламенті бойынша бірлескен комиссиясы ұсынған өзгерістер мен толықтырулар қабылдансын.

2. Осы Қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Парламентінің

2022 жылғы 19 желтоқсандағы

№ 19-VII ҚРП Қаулысымен

қабылданған

 

 

Қазақстан Республикасы Парламентінің Регламентіне

өзгерістер мен толықтырулар

 

1) 8-тармақта:

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Республика Президенті қараудың басымдығын айқындаған заң жобалары бірінші кезектегі тәртіппен екі ай ішінде қабылдануға тиіс.»;

мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«Парламент Мәжілісінде көрсетілген заң жобаларын қарау мерзімі күнтізбелік қырық күннен аспауға тиіс.»;

2) 9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Саяси партиялар фракцияларының басшыларына, ал олар болмаған жағдайда не олардың уәкілеттік беруі бойынша саяси партиялар фракцияларының өкілдеріне талқыланатын мәселе бойынша фракцияның ұстанымын баяндау үшін сөз сөйлеу құқығына кепілдік беріледі және қажет болған кезде бес минут шегінде қосымша уақыт беріледі.»;

3) 12-тармақтың екінші бөлігіндегі «Мемлекеттiк хатшы» деген сөздер «Мемлекеттiк кеңесші» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 18-тармақта:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.