«Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1222 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 678 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 3 желтоқсандағы № 1033 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1222 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 71, 651-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйден бас тартқан кезде үлгілік жобалар бойынша жеке тұрғын үй құрылысын дербес жүзеге асыру шығыстары өтеледі.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2), 4-3), 4-4) және 4-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру шығыстарын өтеу - төтенше жағдай салдарынан қираған тұрғын үйдің орнына үлгілік жобалар бойынша жеке тұрғын үй құрылысын дербес жүзеге асыратын азаматтарға берілетін біржолғы ақшалай төлем;
4-2) үлгілік жоба - сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік бағдарламасы шеңберінде әзірленетін, кейіннен жобалау кезінде көп мәрте қолдануға арналған жобалау-сметалық құжаттама;