«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет, норма шығару және заң көмегін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 241-VIIІ Заңы

Предыдущая страница

2) нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың жүргізілуін қамтамасыз етуді;

3) заң жобалары бойынша қазақ жəне орыс тілдеріндегі мəтіндердің теңтүпнұсқалығы бөлігінде ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізуді;

4) ғылыми қорытындылар мен өзге де талдау материалдарын, оның ішінде заңнаманың тиімділігіне талдау жүргізу шеңберіндегі материалдарды дайындауды;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де қызметті қамтиды.»;

4) 32-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Мемлекеттік органдардың норма шығару қызметін ғылыми сүйемелдеуді жүзеге асыратын уəкілетті ұйым осы Заңның 30-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары əзірлеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тəртібімен əзірленген заң жобалары бойынша ғылыми құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми жəне ғылыми лингвистикалық сараптамалар жүргізуді қамтамасыз етеді.»;

5) 33, 33-1 жəне 33-2-баптар алып тасталсын.

11. «Cот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 12-бапта:

15) тармақшадағы «үшін емтихандарды қабылдау» деген сөздер алып тасталсын;

16) тармақша алып тасталсын;

17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«17) сот сарапшысы біліктілігін беру;»;

19) тармақша алып тасталсын;

2) 14-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

«5. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату жəне одан айыру сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куəлігінің қолданысын тоқтатуға алып келеді.»;

3) 21 жəне 22-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«21-бап. Сот сарапшысы біліктілігін беру

1. Сот сарапшысы біліктілігін беру Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге жəне практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге кешенді компьютерлік тестілеу арқылы, оған сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куəлігі беріле отырып жүзеге асырылады.

2. Сот сараптамасы органына сот сарапшысы ретінде жұмысқа алғаш рет кіретін адамдарға жəне сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияны алуға үміткер адамдарға (бұдан əрі - үміткерлер) сот сарапшысы біліктілігін беру тəртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі айқындайды.

3. Егер үміткер осы Заңда белгіленген талаптарға сəйкес келмесе, сот сарапшысы біліктілігін беруге жіберуден бас тартылады.

4. Сот сарапшысы біліктілігін беруге жіберуден немесе сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куəлігін беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен шағым жасалуы мүмкін.

5. Сот сарапшысы біліктілігін беру айына бір реттен сиретпей жүргізіледі.

6. Тестілеуден өтпеген үміткер ол өткізілген күннен бастап үш айдан кейін қайта тестілеуге жіберіледі.

22-бап. Сот сарапшысын аттестаттау

1. Сот-сараптама қызметін жиырма жылдан аса жүзеге асырып жүрген адамдарды қоспағанда, сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшылары, сондай-ақ лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдар əрбір бес жыл сайын аттестаттаудан өтеді.

2. Сот сарапшысы біліктілігінің жеткіліксіздігі туралы куəландыратын, сот сарапшысының біліктілік талаптарына сəйкес келмеу жəне (немесе) сот-сараптама қызметімен айналысу кезінде осы Заңның талаптарын бұзу фактілері анықталған кезде оны кезектен тыс аттестаттау өткізіледі.

3. Сот сарапшысын аттестаттау тəртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі айқындайды.

4. Аттестаттауға жіберуден бас тартуға жəне аттестаттамау туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен шағым жасалуы мүмкін.

5. Сот сарапшысын аттестаттау айына бір реттен сиретпей өткізіледі.

6. Аттестаттаудан өтпеген сот сарапшысы аттестаттау өткізілген күннен бастап бір айдан кейін жəне үш айдан кешіктірілмей бір реттен асырмай қайта аттестаттауға жатады.

7. Аттестаттаудан қайта өте алмаған сот сарапшысы аттестатталмаған болып табылады жəне сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куəлігінен сот тəртібімен айырылады.»;

4) 28-баптың 2-тармағында:

3) тармақшадағы «адамдардың біліктілік емтихандарын тапсыруы үшін оларды» деген сөздер «адамдарды» деген сөзбен ауыстырылсын;

11) тармақша алып тасталсын.

12. «Адвокаттық қызмет жəне заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-баптың 3) тармақшасындағы «заңдарында» деген сөз «нормативтік құқықтық актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 2-баптың 2-тармағындағы «осы Заңның нормаларына сəйкес жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып» деген сөздер «осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 33-баптың 3-тармағының 5) тармақшасындағы «қатысуға жiберiлген» деген сөздер «кіріскен» деген сөзбен ауыстырылсын;

4) мынадай мазмұндағы 37-1-баппен толықтырылсын:

«37-1-бап. Адвокаттардың мемлекеттік құпияларға рұқсат алуы мен қол жеткізуі

1. Адвокаттық қызметті жүзеге асыру кезеңінде адвокаттар мемлекеттік құпияларға рұқсат алуды ресімдеу үшін өздері мүшесі болып табылатын адвокаттар алқасының орналасқан жеріндегі аумақтық əділет органына жүгінуге құқылы.

2. Адвокаттардың мемлекеттік құпияларға рұқсат алу мен қол жеткізу тəртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында айқындалады.»;

5) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«39-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау

1. Тағылымдамадан өткен жəне адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың аумақтық əділет органдарына өтініш беру арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге жəне практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге кешенді компьютерлік тестілеу нысанындағы аттестаттаудан өтеді.

2. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен жəне облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар;

2) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) жəне 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар аттестаттаудан өтуден босатылады.

3. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудың негізгі міндеті адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияны алуға үміткерлерді сапалы іріктеуді қамтамасыз ету болып табылады.

4. Тағылымдамадан өткен жəне адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау мен байқау түрінде аттестаттаудың тəртібі мен шарттарын уəкілетті орган айқындайды.

5. Егер адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адам осы Заңда белгіленген талаптарға сəйкес келмесе, аттестаттауға жіберуден бас тартылады.

Аттестаттауға жіберуден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен шағым жасалуы мүмкін.

6. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жəне астананың аумақтық əділет органы адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамның аттестаттаудан өту қорытындысы бойынша адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамды аттестаттау не аттестаттамау туралы уəжді шешім шығарады.

Аттестаттау не аттестаттамау туралы уəжді шешімге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен шағым жасалуы мүмкін.

7. Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттау туралы шешім шығарылған кезден бастап үш жыл ішінде жарамды болады.

8. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау тоқсанына бір реттен сиретпей өткізіледі.

Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін тексеру мақсатында байқау түрінде аттестаттаудан өтуге құқылы.

9. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адам адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысы тоқтатылған немесе одан айырылған жағдайда адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияны алуға қайта өтініш берген кезде аттестаттаудан өтуге міндетті.»;

6) 40-бап алып тасталсын;

7) 43-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;

8) 44-баптың 4-тармағында:

2) тармақша алып тасталсын;

3) тармақшадағы «3) жəне 6) тармақшаларында» деген сөздер «6) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын;

9) 47-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Тараптар шартта қылмыстық іс жəне əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заң көмегін қоспағанда, адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу мөлшері заң көмегін көрсету нəтижесіне байланысты болатын талапты көздеуге құқылы.»;

10) 60-бапта:

1-тармақта:

3) тармақшадағы «біліктілігінің» деген сөз «осы Заңның 55-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сəйкес адвокаттар алқасы өткізген аттестаттау нəтижелері бойынша белгіленген біліктілігінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған осы Заңның 43-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген мəн-жайлар жойылмаған;»;

2-тармақтағы «жəне 3)» деген сөздер «, 3) жəне 3-1)» деген сөздермен ауыстырылсын.

13-тармақ 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

13. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 18 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1-баптың 9-тармағы 1) тармақшасының он бірінші абзацындағы «мүлікке билік етуге қатысты» деген сөздер «осы Заңның 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 14), 15-1), 16) жəне 17) тармақшаларында белгіленген» деген сөздермен ауыстырылсын.

2-бап.

1. Осы Заң, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 2) тармақшасының үшінші жəне төртінші абзацтарын, 11) тармақшасының алтыншы абзацын жəне 52) тармақшасын, 6, 8, 10 жəне 13-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2. Осы Заңның 1-бабының 3-тармағы 15) тармақшасының он жетінші жəне он сегізінші абзацтары Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі деп белгіленсін.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2025 жылғы 17 желтоқсан

№ 241-VIIІ ҚРЗ