«Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 349 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ақтөбе облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 80 шешімі

«Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 349 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 80 шешімі

 

Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1. «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 349 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4686 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларында:

3-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«14) қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қалдықтарды жинау және шығару - қатты тұрмыстық қалдықтар жәшіктерін арнайы автокөліктерге тиеу, қоқыс қораптарының, алаңдарын және оларға баратын жолдарды шашылған қоқыстан тазарту және оларды қоқыс жинау орнынан қайта өңдеу және жою орнына тасымалдау;»;

3-тармақтың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«20) тротуар - жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған жолдың элементі;»;

3-тармақтың 22-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«22-1) мамандандырылған ұйымдар - коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау, тасымалдау, қайта өңдеу, қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар жатады;»;

3-тармақтың 29) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«29) жергілікті маңызы бар объектілер - әлеуметтік объектілерді құруға бағытталған мемлекеттік маңызы бар объектілер, оның ішінде: білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандары, бос уақытты өткізу және (немесе) сауықтыру мақсатындағы үйлер мен ғимараттар, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік тұрғындарының көпшілігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты басқа да объектілер.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.