«Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 138/НҚ бұйрығына және «Салық салу мақсаттары үшін цифрлық майнерлер мен цифрлық майнингтік пулдардың кірістері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 166/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 10 маусымдағы № 302/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 138/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32271 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың екінші - алтыншы абзацтары 2026 ж. 26 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және тізілімін жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: