Темір жол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) және оларға қойылатын біліктілік талаптарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 424 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 950 бұйрығы
«Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Темір жол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) және оларға қойылатын біліктілік талаптарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация Министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 424 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6581 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 10 қарашадағы № 469-477 (26320) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Темір жол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Темір жол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесі және оларға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темір жол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) және оларға қойылатын біліктілік талаптарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;