«Ы. Алтынсариннің ескерткіші» республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 690 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 10 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 38-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай қаласы, Ы. Алтынсарин көшесі, 118 «а» мекенжайы бойынша Ы. Алтынсарин мұражайының жанында орналасқан «Ы. Алтынсариннің ескерткіші» республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші Қостанай қаласы, Ы. Алтынсарин көшесі, 118 А мекенжайы бойынша Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернаттың шағын бағына ауыстырылсын.