«Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 55 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 5 қазандағы № 267 бұйрығы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 37) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалаптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9912 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалаптастыру қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Осы Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлеріннің тізілімін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) спорт түрлерін, спорт салаларын танудың және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастырудың тәртібін айқындайды.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын өзгермейді:
«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) спорт саласы - айырым белгілері бар және өзінде бір немесе бірнеше спорттық жарыстар түрі (бағдарламалары) қамтылатын спорт түрінің бір бөлігі;
2) спорт түрлерінің тізілімі - Қазақстан Республикасының аумағында дамып отырған спорт түрлері мен спорт салалары туралы қағаз және электрондық жеткізгіштерде тіркелген мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе;