Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2020 жылғы 8 шілдедегі
№ 195 Бұйрығына 1 қосымша
Осы редакция 2026 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
«Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру»
мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
(2026.24.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022.22.12. № 383 бұйрығымен (2023 ж. 27 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2026.30.04. № 79 бұйрығымен (2026 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Осы «Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін айқындайды.
ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2023.26.12. № 342 бұйрығымен (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.30.04. № 79 бұйрығымен (2026 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022.22.12. № 383 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 27 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алу үшін «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес біліктілік талаптары қойылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі