«Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 19 маусымдағы № 173 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 1 желтоқсандағы № 315 Қаулысы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 19 маусымдағы № 173 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін: