«Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 135 бұйрығы

 «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 135 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларда:

1189-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1189. Жануарлар арасында лейкоздың таралуына жол бермеу мақсатында мынадай ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізіледі:

1) жаңадан әкелінген жануарларды лейкозға серологиялық зерттеулер жүргізіле отырып карантиндеу;

2) жануарларды ветеринариялық және зоотехникалық өңдеу кезінде асептика және антисептика қағидаларын міндетті түрде сақтау;

3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру;

4) Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде тіркелген дезинфекциялық құралдармен қора-жайларды және жабдықтарды тұрақты дезинфекциялау;

5) эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспары бойынша жануарларға диагностикалық зерттеулер жүргізу;

6) мыналардың:

қолайлы деген мәртебесі жоқ, сондай-ақ карантиндеуден өтпеген шаруашылық жүргізуші субъектілерден жануарлардың әкелінуіне;

құзыреті шегінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының немесе бас мемлекеттік ветеринар дәрігерінің келісімінсіз малдың қайта топтастырылуына жол бермеу жөніндегі шараларды қабылдау.»;

1212-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.