18. Нөмірлерде немесе асханаларда қонақтардың тамақтануын ұйымдастыру үстелдердің арасында кемінде 1 метр қашықтық және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қонақтардың жиналуын болдырмайтын жағдайлар сақталған кезде жүзеге асырылады.
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2021 жылғы 27 тамыздағы
№ 31-Қ қаулысына
14-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде әуежайлардың, теміржол және
автомобиль және су вокзалдарының, автостанциялардың және жолаушыларға
қызмет көрсету пункттерінің қызметіне қойылатын талаптар
1. Апта сайын қолдануға рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын (орындықтарды, есіктерді, тұтқаларды, терезе алды және т.б. өңдеу) қолдана отырып, күрделі жинау жүргізіледі.
2. Эпидемияға қарсы күшейтілген режимді қамтамасыз ету мақсатында ғимараттарда:
1) ауа температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін жоспарлы профилактикалық жұмыс кестелеріне сәйкес желдету және ауаны баптау жүйелерін тазалау, жуу, дезинфекциялау, сүзгілерді ауыстыру және басқа да жұмыстар жүргізу;
2) барлық үй-жайларды күніне кемінде 3 рет 15 минут жиілікпен желдетуді қамтамасыз ету;
3) нұсқаулық жүргізуге, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыруға, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорымен жабдықтау және қадағалау, нұсқаулықты жүргізу мерзімділігі бойынша журнал жүргізу, қорғаныш құралдарын ауыстыру және дезинфекциялау құралдардың қорларын толықтыруға жауапты адамды бекіту;
4) қызметкерлер арасында COVID-19 кезінде жеке қорғаныш құралдарын пайдалану алгоритмі бойынша, жеке / қоғамдық гигиена қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы нұсқау жүргізу, сондай-ақ олардың мүлтіксіз сақталуын қадағалау;
5) COVID-19 бойынша карантин уақытында қызметкерлерге ұйымның медицина қызметкерінің қарап-тексеруі кезінде жай-күйіне сауал жүргізу және термометрия жүргізу, қағаз немесе электрондық жеткізгіште тіркеу арқылы медициналық бақылауды қамтамасыз ету;
6) жіті респираторлық инфекциялар (қызба, жөтел, мұрынның бітелуі) және басқа да жұқпалы аурулар белгілері бар персонал тексерілу үшін жіберіледі.
7) жұмыста болмау себептерін анықтау арқылы жұмысқа шығуға күн сайын мониторинг жүргізу;
8) жеке қауіпсіздік қызметінің немесе білікті персоналдың кіру кезінде жолаушыларды байланыссыз термометриямен тексеру жүргізуі;
9) жолаушылар болатын жерлерде жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ағымдағы және күрделі тазалау жұмыстарын жүргізу, еденді, терезелерді, қабырғаларды, есік тұтқаларын, тұтқаларды, орындықтарды, жолаушылардың қолдары жанасатын өзге де жерлерді дезинфекциялайтын сулықтармен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүрту;
10) дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша;
11) COVID-19 ауыратын жолаушылар немесе қызметкерлер анықталған кезде қорытынды дезинфекциялау.
3. Объектілерде көрінетін және қолжетімді орындарда (күту залдары, ана мен бала бөлмелері), кіреберісте немесе санитариялық тораптарда қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.
4. Жолаушылар ағынының байланысына жол бермеу мақсатында келетін және кететін жолаушылар үшін жеке дәліздер ұйымдастырылады.
5. Ағындарды бағыттау және әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар жиналатын жерлерді болдырмау үшін еденге белгі қою қамтамасыз етіледі.
6. Жолаушыларды ақпараттандыру мақсатында санитариялық шараларды сақтау қажеттілігі туралы радиотрансляция 60 минутта кемінде 1 рет жүзеге асырылады.
7. Әуежайларда, вокзалдарда мынадай талаптарды:
1) медицина қызметкерлерінің тұрақты болуын;
2) дезинфекциялық режимнің сақталуын;
3) қажетті дәрілік заттармен, медициналық жабдықтармен және медициналық бұйымдармен (термометрлермен, шпательмен, медициналық маскалармен және т.б.) қамтамасыз етуді;
4) медициналық пункт қызметкерлерін ЖҚҚ және дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етуді;
5) әуежай, вокзалдар қызметкерлерінің денсаулық жағдайы нашарлаған жағдайда жедел медициналық жәрдем келгенге дейін медициналық пункттің изоляторында орналастыруды қамтамасыз ете отырып, изоляторы бар медициналық немесе денсаулық сақтау пунктінің жұмысы ұйымдастырылады.
8. Әуежайлар мен вокзалдар персоналы:
1) әуежайлардың, вокзалдардың үй-жайларында, сондай-ақ қоғамдық орындарда медициналық маскаларды міндетті түрде киюге;
2) халыққа қызмет көрсету орындарында (кассаларда, кететін жолаушыларды толық қарап-тексеру аймақтарында) медициналық маскаларды уақтылы ауыстыру шартымен (әрбір 2 сағат сайын) жұмыс күні ішінде пайдалануға;
3) қызметкерлер мен жолаушылар арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтауға;
4) жолаушылармен және басқа да қызметкерлермен қарым-қатынасты шектеуге қойылатын талаптарды сақтауды қамтамасыз етеді.
9. Вокзалдың, әуежайдың қызметкерінде ауруға күдік болған жағдайда ауысымға жаңадан келіп түсетін немесе ауыстыратын қызметкер ауырып қалған адамның жұмыс орнында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілгеннен кейін жұмысқа кіріседі.
10. Әуежайлар мен вокзалдар әкімшілігі мыналарды:
1) персоналды жеке қорғаныш құралдарымен (маскалар, қолғаптар);
2) әуежай, вокзал ғимараттарында ауа баптау, желдету жүйелеріне ревизия жүргізу және желдету сүзгілерін ауыстыруды;
3) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, арнайы көлік құралдарға (перрондық автобустарды) қоспағанда, жолаушыларды отырғызу орындарының санынан аспайтын мөлшерде көлік құралына жіберуді;
4) объектінің медицина қызметкерінің персоналды медициналық бақылауын (ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі тексеру кезіндегі жай-күйі мен термометриясы);
5) ауысым (рейс, бағыт) аяқталғаннан кейін қоғамдық көлікке дезинфекция жүргізуді;
6) жеке қорғаныш құралдарының (маскалар, қолғаптар), қолға арналған антисептиктердің, дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қорының болуын;
7) көлік құралының салонын желдету, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып салонды ылғалды жинау, маршрут аяқталғаннан кейін тұру кезінде жолаушылардың қолымен жанасуды жоққа шығармайтын еденді, терезелерді, қабырғаларды, есік тұтқаларын, тұтқаларды, отырғыштарды және өзге де беттерді дезинфекциялау сулықтарымен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүртуді;
8) персоналдың жеке қорғаныш құралдарын (маскалар), қолға арналған антисептиктерді, дезинфекциялау құралдарын пайдалануын қамтамасыз етеді.
11. Әуежайлар мен вокзалдар, автостанциялар мен жолаушыларға қызмет көрсету пункттер ғимараттарының ішінде, көлік құралдарында жолаушылар жеке қорғаныш құралдарында (маскалар) болады.
12. Ғимаратқа кіреберісте дезинфекциялау құралымен суланған дезинфекциялау кілемшесі орнатылады.
13. Дезинфекциялау арқылы өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды ылғалды жинау есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орын, тамақ ішу, демалу бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, күніне кемінде 2 рет вирулицидтік әсер ететін құралдармен жүргізіледі.
14. Ауаны қоса берілетін нұсқаулыққа сәйкес кварц, бактерицидті шамдарды немесе ауа рециркуляторларын пайдалана отырып зарарсыздандыру ұсынылады. Кварц шамдарын пайдалану қағидаларды қатаң сақтаған кезде, адамдар болмаған кезде, үй-жайларды міндетті түрде желдете отырып жүзеге асырылады. Ауа рециркуляторларын адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етіледі.
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2021 жылғы 27 тамыздағы
№ 31-Қ қаулысына
15-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде маусымдық ауыл шаруашылығы
дала жұмыстарына, табиғат қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы іс-шараларына тартылған
ұйымдар мен қызметкерлердің қызметіне қойылатын талаптар
1. Маусымдық ауыл шаруашылығы дала жұмыстарын, табиғат қорғау, ветеринариялық. ауыл шаруашылығы іс-шараларын жүргізуге, оның ішінде бал ара шаруашылығына тартылған адамдардың көлікпен жүруі міндетті санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталған жүзеге асырылады.
2. Ауыл шаруашылығы өнімдерін астық қабылдау кәсіпорындарынан тиеп жөнелтуді қамтамасыз ететін а/ш кәсіпорындарының, ұйымдарының мамандандырылған техникасын қаржыландыруды, лизингті және оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін ұйымдар көлігінің шығуы міндетті санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталған кезде жүзеге асырылады.
3. Қызметкерлерді тұрғылықты жерінен жұмысқа және жұмыстан қызметтік автобуспен / автокөлікпен орталықтандырылған жеткізу ұсынылады.
4. Қызметтік көлік құралының жүргізушісінде талап етілетін жиілікпен міндетті түрде ауыстыра отырып, қолды өңдеуге арналған антисептиктің және жеке қорғаныш құралдарының (арнайы киім, маскалар) болуы;
5. Әрбір рейс алдында автокөлік салонына дезинфекция жүргізіліп, кейіннен желдету жүргізіледі.
6. Қызметкерлердің кіруі және шығуы автобустарда / шағын автобустарда барлық есіктердің бір мезетте ашылуы кезінде жүзеге асырылады.
7. Салонға маска киген жолаушылар отыратын орын санынан аспайтын мөлшерде жіберіледі.
8. Қызметкерлер арасында жеке / қоғамдық гигиена ережелерін сақтау, сондай-ақ олардың мүлтіксіз сақталуын қадағалау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізіледі.
9. Күнделікті жұмысқа шығуға мониторинг жүргізіледі.
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2021 жылғы 27 тамыздағы
№ 31-Қ қаулысына
16-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде жолаушылар тасымалын
(жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды)
тұрақты жүзеге асыратын ұйымдардың жұмысына қойылатын талаптар
1. Жолаушылар тасымалын (жолаушылар мен багажды автомобиль.мен тасымалдауды)
тұрақты жүзеге асыратын ұйымдардың жұмысына қойылатын талаптар
1. Ауданаралық, қалааралық, облысаралық және халықаралық тасымалдар, сондай-ақ өңірлердегі автостанциялар мен автовокзалдар үшін жұмыс режимі өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды және автобустардың қозғалыс кестесін ескере отырып, белгіленеді.
2. Қоғамдық көліктің толтырылуы отыратын орындар саны бойынша қамтамасыз етіледі.
3. Жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік құралдарын қоса алғанда, тұрақты ауданаралық, қалааралық, облысаралық және халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын автобустардың толтырылуы отыруға арналған орындардың жалпы санынан қамтамасыз етіледі.
4. Көлік құралында міндетті түрде маска кию және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет. Аялдама пункттері мен автобустарда (табло, инфолист) жолаушылардың автобусқа (көлік құралына) міндетті түрде маскамен және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жіберілетіні туралы ақпараттандыру ұсынылады.
5. Жергілікті атқарушы органдар, автобус аялдамаларына қызмет көрсететін ұйымдар жолаушылардың әлеуметтік ара қашықтығы қағидатын сақтау үшін аялдама кешендеріне белгі қоюды қамтамасыз етеді.
6. Жолаушылардың автобусқа кіруі алдыңғы есік арқылы, ал шығуы ортаңғы және артқы есіктер арқылы жүзеге асырылады.
7. Жүргізушінің, кондуктордың және бақылаушының, еріктінің автокөлік құралында болуы және басқарылуы жұмыс күні ішінде маскаларды немесе рейсті пайдалана отырып. оларды уақтылы ауыстыру шартымен қамтамасыз етіледі, кондукторлар қорғаныш экрандарын (қалқандарды) пайдаланады.
8. Көлік құралдарында жолаушылардың, жүргізушінің және кондуктордың қолдарын өндеуге арналған маскалар мен санитайзерлердің жеткілікті саны орнатылады.
9. Жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушы көлік құралының салонында желдету / ауа баптау құрылғысы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
10. Маршруттың (рейстің) жүру мерзімі аяқталғаннан кейін тұратын уақытында салонды міндетті түрде желдете отырып, жанасатын беттерді терезелерді, тұтқаларды, есіктерді. таяныштарды, орындықтарды пайдалануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарымен өңдеу жүргізіледі (дезинфекциялау сулықтарымен сүртіледі).
11. Елді мекен ішінде жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын қоғамдық көлік үшін тұрақ орындарында автокөлік құралының салонын (есік тұтқалары, креслолар, тұтқалар және т.б.) жинау және дезинфекциялау қамтамасыз етіледі.
2. Таксиге қойылатын талаптар
12. Автокөлік құралын басқару жұмыс күні ішінде қолғаптарды, медициналық маскаларды пайдалана отырып, маскаларды әрбір 2 сағат сайын ауыстыра отырып жүзеге асырылады.
13. Жолаушыларды тасымалдау барлық жолаушыларда міндетті түрде маскалар болған жағдайда жүзеге асырылады.
14. Таксиге тапсырыс беру кезінде жолаушыларға маскалары болған кезде салонға кіретіні туралы хабарлау.
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2021 жылғы 27 тамыздағы
№ 31-Қ қаулысына
17-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде СПА және массаж салондарының,
моншалардың, сауналардың, бассейндердің қызметіне қойылатын талаптар
1. Жалпы талаптар
1. Объектінің әкімшілігі InfoKazakhstan.kz сайтында сауда жасаушы тұлғалардың жұмыс жағдайларымен міндетті түрде танысады және тиісті келісімге қол қояды.
2. Қызмет көрсету саласы объектілерінің қызметіне санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, мынадай жағдайларды қамтамасыз етілген кезде жол беріледі:
1) объектіні ашар алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі жинау жүргізу (оның ішінде жиһаздың, қабырғалардың және басқа да заттардың бетін дезинфекциялау құралдарымен жинау және өңдеу);
2) ұйымға кіру кезінде персонал мен келушілердің дене температурасын дене температурасын жанаспайтын тәсілмен (электрондық, инфрақызыл термометрлер, тепловизорлар) бақылау. Жіті инфекция белгілері болған кезде қызмет көрсетуге жол берілмейді;
3) объектінің аумағына маскасыз кіруге жол берілмейді;
4) персоналдан респираторлық аурулар симптомдарының бар-жоғын, COVID-19 науқасымен байланыстың бар-жоғын сұрау. COVID-19-ды жоққа шығармайтын белгілері бар адамдар (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу) жұмысқа жіберілмейді;
5) кіреберісте дозаторлары бар тері антисептиктерімен персонал мен келушілердің қолын өндеуге арналған құралдарды орнату;
6) кіреберісте дезинфекциялау құралымен суланған дезинфекциялау кілемшелері орнатылады;
7) келушілер мен қызметкерлер үшін еденге 2 м қашықтықта таңбалар (бу бөлмесінен басқа), келушілердің қозғалысын бағыттау үшін қоршаулар мен тосқауыл ленталар салу арқылы әлеуметтік қашықтық қағидаттарын сақтау, адамдар жиналуы мүмкін жерлерге жол бермеу;
8) персоналдың арнайы киімдерін және келушілерге арналған іш киімдерді күнделікті жуу;
9) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды вирулицидтік әсер ететін құралдармен күніне кемінде 2 рет және жұмыс аяқталғаннан кейін есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, байланыс беттерін (жабдықтарды, мүкәммалды, орындықтарды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (гардеробтар, тамақ қабылдау, демалыс бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, әрбір клиенттен кейін демалыс аймағында ылғалды жинау жүргізуге;
10) Дезинфекциялау ерітінділерін оның дезинфекциялау құралын қолдану жөніндегі нұсқаулығына сәйкес берілген концентрацияға сәйкес құралдың атауы, ерітіндінің концентрациясы және оны дайындау күні көрсетілген таңбасы бар сыйымдылықтарда сақтау;
11) персоналдың жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып дезинфекция жүргізуі: униформа, қолғап, медициналық маска;
12) жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланғаннан кейін арнайы бөлінген орындарда сақтау;
13) желдету жүйелері мен ауа баптау жүйелерінің профилактикалық тексеру, жөндеу, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялау жүргізе отырып, үздіксіз жұмыс істеуі), желдету режимін сақтау;
14) ауаны залалсыздандыру қоса беріліп отырған нұсқаулыққа сәйкес кварц, бактерицидті шамдарды немесе ауа рециркуляторларын пайдалана отырып жүзеге асырылады;
15) ауа рециркуляторларын адамдар болған кезде пайдалануға рұқсат етіледі;
16) кварц шамдарын пайдалану ережелерді қатаң сақтаған кезде, үй-жайларды міндетті түрде желдетумен адамдар болмаған кезде жүзеге асырылады;
17) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамды анықтау (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды жинау, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);
18) қол жууға арналған раковинамен және дозаторы бар тері антисептиктерімен жабдықталған арнайы бөлінген бөлмеде ас ішу;
19) келушілерге тек арнайы бөлінген орындарда қыздыру мүмкіндігімен өнеркәсіптік қаптамада (ланч-бокстар) оралған сусындар мен дайын тамақ өнімдерін беру;
20) келушілерді және жұмыскерлерді алдын алу шаралары мен жеке гигиена ережелерін сақтау туралы хабардар ету (дәретханаға барғаннан кейін, тамақ ішер алдында қолды жуу, әлеуметтік алыстау қажеттілігі және т.б.).
21) қызметкерлер арасында жеке / өндірістік гигиена ережелерін сақтау қажеттілігі, кварц шамдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау туралы нұсқама жүргізу;
22) санитариялық тораптарды жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы) қамтамасыз ету);
23) халыққа маскамен қызмет көрсету;
24) үй-жайларды жинау, қызметкерлердің қолдарын өңдеу, тыныс алу органдарының ЖКҚ үшін дезинфекциялық және жуу құралдарының азаймайтын (кемінде бір апталық) қорын қамтамасыз ету.
2. СПА және массаж салондарының жұмысына қойылатын талаптар
1. Клиенттерге қызмет көрсету тек алдын ала жазылу арқылы жүзеге асырылады.
2. Объекті әкімшілігі клиенттік залда (4 шаршы метрге 1 адам) әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігі есебінен келушілердің толтырылуын қамтамасыз етеді.
3. Массаж кабинетінің ауданы 8 шаршы метрден кем емес, массаж салонына бір мезгілде 3 келушіден артық емес. Әрбір келуші үшін әрбір кабинетке жеке кіретін есігі бар жеке оқшауланған кабинет қамтамасыз етіледі.
4. Объектілердің персоналы әрбір 2 сағат сайын ауыстырылатын маскамен болады; процедураларды орындағанға дейін және орындағаннан кейін қолды антисептикпен міндетті түрде өңдейді.
5. Қызметкерлердің (шеберлердің) жұмыс аймақтары қолға арналған антисептикалық құралдармен қамтамасыз етіледі.
6. Объектіге кірген кезде қолды антисептикпен өңдеу жүргізіледі.
7. Әрбір келушіге (клиентке) жеке-жеке құрғақ таза жайма (х/б жаймалар, түкті сүлгілер және бір рет қолданылатын жаймалар) беріледі. Бұл ретте әрбір келушіден кейін жайма жуылып, өңделуі тиіс.
8. Үй-жайларда табиғи желдету болмаған кезде қоса берілетін нұсқаулыққа сәйкес кварц, бактерицидті шамдарды немесе ауа рециркуляторларын пайдалана отырып ауаны зарарсыздандыру жүргізіледі. Кварц шамдарын пайдалану қағидаларды қатаң сақтаған кезде, адамдар болмаған кезде, үй-жайларды міндетті түрде желдете отырып жүзеге асырылады. Ауа рециркуляторларын адамдар болған кезде пайдалануға рұқсат етіледі.
9. Желдету жүйелерінің (олар болған кезде) және ауаны баптау жүйелерінің (олар болған кезде) профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізу арқылы үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.
10. Үй-жайларды желдету әр екі сағат сайын жүргізіледі.
3. Бассейндердің жұмысына қойылатын талаптар
1. Барлық процесті басқару, персоналды оқыту, белгіленген талаптардың сақталуын бақылау бойынша жауапты адам тағайындалады.
2. Объектілерде (бассейндер):
1) бассейнде айналысатын бір адамға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау: ересектер үшін - кемінде 5 шаршы метр, балалар үшін - кемінде 4 шаршы метр болуы тиіс;
2) бассейндердегі судың сапасына, суды дайындау мен зарарсыздандырудың тиімділігіне Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес өндірістік бақылауды күшейту;
3) әлеуметтік қашықтық үшін жеткілікті орын санын ескере отырып, жағажайларға қол жеткізу;
4) жағажай жабдықтарын (шезлонгтар, шешінетін бөлмелер, аяқ жуу және т.б.) әлеуметтік дистанциялау ережелерін сақтай отырып және сигналдық белгілеулерді енгізе отырып орналастыру, сондай-ақ дистанциялауды сақтау қажеттілігі туралы ақпарат.
5) қоса берілетін нұсқаулыққа сәйкес кварц, бактерицидті шамдарды немесе ауа рециркуляторларын пайдалана отырып ауаны зарарсыздандыру жүргізіледі. Кварц шамдарын пайдалану қағидаларды қатаң сақтаған кезде, адамдар болмаған кезде, үй-жайларды міндетті түрде желдете отырып жүзеге асырылады. Ауа рециркуляторларын адамдар болған кезде пайдалануға рұқсат етіледі.
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2021 жылғы 27 тамыздағы
№ 31-Қ қаулысына
18-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде санаториялық-курорттық
мақсаттағы объектілерге, демалыс үйлеріне қойылатын талаптар
1. Объектінің әкімшілігі InfoKazakhstan.kz сайтында сауда жасаушы тұлғалардың жұмыс жағдайларымен міндетті түрде танысады және тиісті келісімге қол қояды.
2. Санаториялық-курорттық мақсаттағы объектілерде, демалыс үйлерінде эпидемияға қарсы күшейтілген режимді қамтамасыз ету мақсатында:
1) COVID-19 бойынша алдын алу іс-шаралары қатаң сақталады;
2) персонал жұмыстың қашықтықтан нысанына барынша ауыстырылады және өндірістік қажеттілікке байланысты жұмыс күні барынша қысқартылады:
3) санаторий-курорттық ұйымдардың корпустарын толтыру Жобалық қуаттың 80%-ынан аспайды;
4) кіретін жерде келушілердің дене температурасын контактісіз тәсілмен бақылау жүргізіледі (ресепшн, күзет пункті);
5) жүргізілген / алынған қызметтер (карталар, телефондағы қосымша) үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін барынша жағдай жасалады, рәсімдерді көрсету кезектер жасамай-ақ жазу бойынша жүзеге асырылады;
6) адамдар көп жиналатын жерлерде, ресепшн алдында, қозғалыс қарқындылығы байқалатын жерлерде, еденге сигналдық белгі салу жолымен немесе тиектеу тіректері құралымен әлеуметтік қашықтық аймақтары айқындалады. Қонақ аймақтарында дивандар мен орындықтарды өзара 2 метр қашықтықта орнату;
7) аптасына кемінде 2 рет «санитариялық» күн өткізу;
8) ғимаратқа кіреберісте дезинфекциялық құралмен суару әдісімен суланған дезинфекциялық кілемшелер орнатуға;
9) қоса беріліп отырған нұсқаулыққа сәйкес кварц, бактерицидті шамдарды пайдалана отырып ауаны зарарсыздандыру. Кварц шамдарын пайдалану ережелерді қатаң сақтаған кезде, үй-жайларды міндетті түрде желдететін адамдар болмаған кезде жүзеге асырылады;
10) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды жинау, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау) сақталуына жауапты адам тағайындалады;
11) мекеменің демалушыларға Көліктік қызмет көрсету (трансфер, экскурсиялар жүргізу және т.б.) жүргізілетін өз көлігі болған кезде: - жүргізушілер қолды өңдеуге арналған антисептикпен және қорғау құралдарымен (арнайы киім, маскалар мен қолғаптар), оларды талап етілетін жиілікпен міндетті түрде ауыстыра отырып жабдықталады.
12) әрбір рейс алдында автокөлік салонына дезинфекция жүргізу, кейіннен желдету;
13) әрбір келуші / клиент кеткеннен кейін дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, бөлмелерді жалпы жинауды жүргізуге;
14) COVID-19 күдікті адамдарға арналған изолятор көзделеді (қонақ үйлерді қоспағанда).
3. Тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде мынадай талаптар сақталады:
1) персонал жұмыс орындарында тамақ ішуді жүзеге асырмайды. Тамақтану арнайы бөлінген бөлме - тамақтану бөлмесінде жүзеге асырылады. Тамақ қабылдау бөлмесі болмаған жағдайда, дезинфекциялау құралдарының көмегімен күнделікті жинауды қамтамасыз ете отырып, қол жууға арналған раковинасы бар (ыстық және суық су келтірілген) үй-жай бөлу көзделеді;
2) «швед үстелі» типі бойынша тамақтандыруды ұйымдастыру жағдайларында Швед желісінде тағамдарды орналастыру демалушыларды жалпыға ортақ пайдаланылатын барлық орындарда ақпараттандыру жүйесін пайдалануды, сондай-ақ еденге сигналдық белгілер қоюды қоса алғанда, әлеуметтік қашықтық қағидатын сақтай отырып жүзеге асырылады. Осындай талаптар тарату желісі қағидаты бойынша тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылады;
3) асханаларда демалушылар мен туристерді тамақтандыруды ұйымдастыру үстелдер арасында кемінде 2 метр қашықтық сақталған және 1 үстелге 1 адамнан аспайтын отырғызу (демалуға және сауықтыруға келген адамдар бір отбасының мүшелері болып табылатын не 1 нөмірде тұратын жағдайларды қоспағанда) және қонақтардың жиналуын болдырмайтын жағдайлар сақталған кезде жүзеге асырылады.
4. Санаториялық-курорттық мақсаттағы объектілердің, демалыс үйлерінің персоналы:
1) жабық үй-жайларда медициналық маскаларды міндетті түрде алып жүруге;
2) еден таңбаларын, шектегіштерді салу арқылы әлеуметтік алыстатуды сақтау;
5. Ішкі қауіпсіздік қызметі мынадай сақтық шараларын қолдана отырып, персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді: