18. Күніне 2 реттен кем емес дезинфекциялау ерітіндісін қолдана отырып, «вирустық инфекциялар кезінде» ерітіндісін еріту режиміне сәйкес үй-жайларды ылғалды жинау (үйге шығудан басқа) және белгіленген тәртіпке сәйкес кварцтау жүргізіледі, кейіннен үй-жайды кемінде 15 минут желдетеді.
19. Жұмыс аяқталғаннан кейін медицина қызметкері ЖҚҚ-ны шешеді, оларды «В» сыныпты қалдықтарға арналған сыйымдылыққа салады.
20. ЖҚҚ-ны шешкеннен кейін медицина қызметкері қол жуу алгоритміне сәйкес қолын сабынмен жылы сумен мұқият жуады, оларды антисептикпен өңдейді.
21. Ауысым аяқталғаннан кейін үй-жайларда (автомобильді) «вирустық инфекциялар кезінде» дезинфекциялау ерітіндісін еріту режимімен және белгіленген тәртіпке сәйкес кварцтау жүргізеді, кейіннен үй-жайларды (автомобильді) кемінде 15 минут желдетеді.
22. Зерттеу нәтижесін түсіндіру:
1) оң IgM - антиденелердің болуы, инфекцияның жіті кезеңі;
2) оң IgG - антиденелердің болуы, ауырып сауыққан;
3) оң IgM және IgG - жіті сатыдан ауырып сауыққан инфекция жағдайына өту;
4) оң С (бақылау) - реакцияның болу индикаторы, теріс нәтиже;
5) теріс С (бақылау) - үлгінің жеткіліксіз көлемі немесе тестілеу техникасының бұзылуы, Нәтиже есепке алынбайды.
23. IgM жедел тестінің оң нәтижесін алған кезде зерттеу жүргізген маман:
1) тестіленуші адамды COVID-19-ға күдіктің бар екендігі туралы хабардар етеді және қайтадан жедел тестілеу өткізеді;
2) қайтадан оң IgM алынған кезде медициналық ұйым басшысына немесе жауапты адамға оң нәтижелі пациент туралы хабарлайды, ол 2 сағаттың ішінде ҚР ДСМ СЭБК аумақтық департаментін хабардар етеді;
3) қайтадан оң IgM нәтиже алынғаннан кейін дереу ПТР зерттеуге биоматериал алуды жүргізеді және пациентке ПТР тестілеу нәтижелерін алғанға дейін өзін-өзі оқшаулау қағидаларын сақтай отырып, үйде қалуға кеңес береді;
4) ПТР тестілеудің оң нәтижесін алған кезде пациент инфекциялық ауралар стационарына жатқызылады, теріс нәтиже алған кезде 14 күнге үй карантиніне жіберіледі және қоңырау шалу (мүмкіндігінше бейнеқоңырау шалу) арқылы тұратын (болатын) жері бойынша медициналық бақылауға алынады.
24. IgG жедел тестінің оң нәтижесін алған кезде:
1) жедел тестінің оң нәтижесін алған кезде зертханалық қызметкер тестілеу үшін биоматериал тапсырған тексерілген адамға жұқтырылған инфекцияны көрсететін антиденелердің болуына күдіктің болуы туралы хабарлайды;
2) медициналық ұйымның басшысы немесе дәрігер-эпидемиологы АД-ға зерттеу нәтижесі туралы хабарлайды.
25. Теріс нәтиже алған кезде (IgM және IgG анықталмаған) тексерілген адамға C0VID-19-дың болмау ықтималдығы жоғары екендігі және қорғанудың профилактикалық шараларын сақтау қажеттілігі туралы хабарланады.
26. Барлық нәтижелер міндетті түрде ЭДСРО АЖ-ның қосымшасында тіркеледі.
II. ИФТ әдісімен тестілеу
1. ИФТ әдісімен тестілеу зерттеу хаттамасына сәйкес COVID-19 жаңа коронавирустық инфекцияға ұжымдық иммунитет анықтауға эпидемиологиялық қадағалау жүргізу кезінде эпидемиологиялық қадағалау мақсатында жүргізіледі.
2. COVID-19 антиденелерін анықтауға арналған материал - бұл қан сарысуы.
3. Биоматериалды іріктеуді денсаулық сақтау ұйымының медицина қызметкері эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып жүзеге асырады.
4. Материалды алу кезінде ЖҚҚ пайдаланылады.
5. Пациенттің қан сарысуы бар шыны түтік науқас туралы барынша көп ақпаратты қамтитын жолдамамен қоса жүреді: пациенттің тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, жасы, ауырған күні, алған күні және симптомдары, келген елі, науқаспен байланыс.
6. Қан сарысуы бар шыны түтік биологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып центрифугаланады. Сарысуды аликвотирлеуге жол берілмейді!
7. Тасымалдау сәтіне дейін алынған үлгілерді 2-ден 4 градусқа дейінгі температуралық режимде тоңазытқышта сақтау қажет.
8. Пациенттен алынған үлгілерді ҚР ДСМ 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 684 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес үш қаптама талаптарын сақтай отырып, ҰСО филиалының зертханасына немесе COVID-19-ға тестілеу үшін айқындалған басқа зертханаға тасымалдау керек.
9. Зертханаларда COVID-19 антиденелерін ИФГ (ИХЛ/ЭХЛ) әдісімен ҚР-да диагностика жүргізу үшін тіркелген және рұқсат етілген тест-жүйелерді қолдана отырып анықтау жүргізіледі.
10. COVID-19 антиденелерін анықтауға арналған тестілеу аяқталғаннан кейін жіберген ұйымға зерттеу нәтижелерін беру және жіберген ұйымға және т.б. зерттеу нәтижелері туралы хабарлау жүргізіледі.
11. Тестілеуді жүргізетін зертханалар СЭБК-ге белгіленген нысан мен жиілікке сәйкес тестіленген адамдардың саны мен санаты туралы есептілікті ұсынады.
12. ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалы жекелеген жағдайларда көрсетілімдер бойынша және СЭБК-мен келісім бойынша жіберген ұйымға зерттеу нәтижесін ұсына отырып, ИФТ (ИХЛ/ЭХЛ) әдісімен үлгілерді референс тестілеу және референс тестілеу нәтижелері туралы аумақтық СЭБКД-ға хабарлауды жүргізеді.
13. Референттік тестілеуге жіберілген үлгілер науқас туралы барынша көп ақпаратты қамтитын жолдамамен қоса жүреді: пациенттің тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, жасы, ауырған күні, алған күні және симптомдары, келген елі, науқаспен қарым-қатынасы, басқа зертханаларда алынған зерттеу нәтижесі (бар болса) және т.б.
14. Референттік тестілеуге жіберілген үлгілерді ҚР ДСМ 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 684 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес үш қаптаманың талаптарын сақтай отырып, ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалына тасымалдаған жөн.
15. COVID-19 антиденелерін анықтауға арналған референс тестілеу аяқталғаннан кейін жіберген ұйымға зерттеу нәтижелерін беру және жіберген ұйымға және т.б. референс тестілеу нәтижелері туралы хабарлау жүргізіледі.
III. ПТР әдісімен тестілеу
1. COVID-19-ға ПТР әдісімен тестілеу медициналық ұйымның немесе СЭБК департаментінің аумақтық бөлімшесінің жолдамасы бойынша жүргізіледі. ПТР әдісімен тестілеуге мыналар жатады:
1.1. Эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша:
1) COVID-19-бен инфекциялық стационарға жатқызылған адамдар;
2) ЖРВИ және пневмониямен ауыратын науқастар;
3) COVID-19-бен ауыратын науқаспен жақын байланыстары қатарындағы адамдар;
4) респираторлық симптомдары және COVID-19-ға ұқсас басқа белгілері бар медицина қызметкерлері;
1.2. Профилактикалық мақсатта:
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарда Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттері арқылы Қазақстанға келетін азаматтар;
2) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес шетелден авиарейстермен келетін адамдар;
3) жинау пункттерінде мерзімді әскери қызметке шақырылатын адамдар және әскери бөлімге келгеннен кейін жас әскерлер;
4) мерзімді әскери қызметтен кейін әскери бөлімдерден кету алдында әскерден босатылған адамдар;
5) стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде пациенттер;
6) шұғыл емдеуге жатқызу кезінде пациенттер;
7) науқас балаға күтім жасауға медициналық ұйымдарға жатқызылған адамдар;
8) емдеуге жатқызу алдында жүкті әйелдер;
9) гемодиализдегі пациенттер айына 1 рет;
10) ҚАЖ мекемелеріне түсетін адамдар (тергеуге алынғандар, айыпталушылар, сотталғандар);
11) медициналық-әлеуметтік мекемелерге жаңадан түсетін адамдар, ресімдеу кезінде және кейіннен ай сайын;
12) демалыстан, іссапардан, науқастануына байланысты жұмыс орнында болмауынан кейін медицина қызметкерлері;
13) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес жүргізіледі.
2. COVID-19-ды анықтау үшін материал аңқа мен мұрын жұтқыншақтан бөлінетін сынама, транстрахеалдық, мұрын жұтқыншақ аспираты, мұрын шайындысы, қақырық болып табылады.
3. Биоматериал сынамасын алуды эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып, денсаулық сақтау ұйымының (санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, МСАК, стационарлар қызметкерлері) медицина қызметкері жүзеге асырады.
4. Материалды жинау кезінде ЖҚҚ қолданылады.
5. Жағындылардың үлгілері пластикалық өзектегі синтетикалық материалдан (мысалы: полиэстер немесе дакрон) жасалған жасанды аппликаторы бар стерильді тампонның көмегімен тестіленушінің орналасқан жері бойынша (үйде, медициналық ұйымда, стационарларда, жұмыс орны бойынша) алынады.
6. Бір науқастан вирустық тасымалдау ортасы бар бір түтікке аңқа мен мұрыннан (2 тампоннан) алу қажет.
7. Пациенттен алынған үлгі науқастың тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, жасы, ауырған күні, алу күні және симптомдары, келген елі, науқастармен байланыс туралы барынша көп ақпаратты қамтитын жолдамамен бірге жүреді.
8. Тасымалдау сәтіне дейін алынған үлгілерді 2-ден 4 градусқа дейінгі температуралық режимде тоңазытқышта сақтау қажет.
9. ҚР ДСМ 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 684 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес үш қаптаманың талаптарын сақтай отырып, пациенттен алынған үлгілерді ҰСО филиалының зертханасына немесе басқа зертханаға тасымалдау керек.
10. Зертханаларда нақты уақыт режимінде (реал-тайм) ПТР әдісімен COVID-19-дың спецификалық диагностикасы жүргізіледі.
11. COVID-19-ға тестілеу аяқталғаннан кейін зерттеу нәтижелерін жіберген ұйымға беру және зерттеу нәтижелері туралы жіберген ұйымға және АД-ға хабарлау жүргізіледі.
12. Оң нәтиже анықталған жағдайда қосымша АБ-ға шұғыл хабарлама ресімделеді.
13. Тестілеу жүргізетін барлық зертханалар:
1) СЭБКД-не белгіленген нысанға және жиілікке сәйкес тестіленген адамдардың саны мен санаты туралы есептілікті;
2) өткен ай үшін ай сайын ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалына COVID-19-ға оң (жалған оң нәтижені болдырмау үшін) және 10 теріс (жалған теріс нәтижені болдырмау үшін) үлгіні қайта тестілеуге береді.
14. ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалы жекелеген жағдайларда көрсетілімдер бойынша жіберген ұйымға зерттеу нәтижесін ұсына отырып, үлгілерге ДДҰ валидациялаған тест-жүйелерінде ПТР реал-тайм әдісімен референттік тестілеу және референттік тестілеудің нәтижелері туралы аумақтық СЭБКД-не хабарлауды жүргізеді.
15. Сәйкестікті бағалау. Біліктілікті тексеруді жүргізуге қойылатын негізгі талаптар» ISO 17043-2013 стандарт талаптарына сондай-ақ сапаны сырттай бағалаудың Ұлттық бағдарламаларын ұйымдастыру бойынша ДДҰ ұсынымдарына сәйкес, ҰҚДО ҒПСЭСМ филиалы COVID-19 зертханалық зерттеулерінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында зертханааралық салыстыру сынақтарын (кәсіби тестілеу) жүргізуде оның ішінде ДДҰ ынтымақтастық зертханасымен.
16. Қайта тестілеуге жіберілген үлгілер бекітілген нысан бойынша жолдамамен қоса беріледі (сілтеме).
17. Қайта тестілеуге жіберілген үлгілерді ҚР ДСМ 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 684 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес үш қаптама талаптарын сақтай отырып, ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалына тасымалдау керек.
18. Сапаны сыртқы бағалау (тестілеу, зертханааралық салыстыру сынақтары (кәсіптік тестілеу) тестілеуді эпидемиологиялық мақсатта, профилактикалық мақсатта және эпидемиологиялық қадағалау шеңберінде жүзеге асыратын зертханалар үшін өткізіледі.
19. Халықтың жабық ұйымдастырылған топтарында халықты тестілеу топтарын кеңейту қажет болған жағдайда пулға диагностикалық тестілеуді біріктіру жолымен скринингтік зерттеулер жүргізуге жол беріледі.
20. Талдаудың сезімталдығын төмендетуге жол бермеу мақсатында халықтың скринингі үшін пулға диагностикалық тестілерді біріктіру 3-5 үлгіден артық емес ерітуде тестілеуді біріктіруге жол беріледі.
21. Зертханалық скрининг кезінде диагностикалық тестілеу жүргізу және пулға біріктіруді кеңейтуді қатаң түрде валидацияланған әдістеме және сезімталдықтың төмендеуіне жол бермеу негізінде жүргізу керек.
22. Диагностикалық тесттерді нақты уақыт режимінде (реал-тайм) ПТР әдісімен талдау жүргізу кезінде ғана пулға біріктіруге жол беріледі.
23. Пулирлеу биологиялық қауіпсіздік талаптары, үлгілерді вортекстеу және пулды 500 мкл көлемінде қалыптастыру және пулды тиісті сәйкестендіру рәсімдері сақтала отырып жүргізіледі.
24. Диагностикалық пулда оң нәтижелер алынған жағдайда пулға біріктірілген әрбір үлгінің жеке диагностикасы жүргізіледі.
IV. SARS СоV-2 вирустарының молекулалық-генетикалық мониторингі
1. Патогендердің генетикалық вариабелділігін, олардың таралуын және пайда болуын мониторингілеу үшін екінші буынды секвенирлеу әдісін пайдалану, диагностикалық тесттерді қоса алғанда, медициналық контрмерлердің тиімділігіне әсер етуі мүмкін.
2. Вирусты толық геномды секвенирлеу ҚР ДСМ айқындаған зертханаларда жүргізіледі.
3. Секвенирлеу нәтижелері ҚР ДСМ-ге жіберіледі және COVID-19 коронавирустық инфекциясын диагностикалау және емдеу бойынша тиімді шараларды әзірлеу үшін қолданылады.
Қарағанды облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 27 тамыздағы
№ 31-Қ қаулысына
33 қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, қорықтар,
резерваттар және басқалар) баруға қойылатын талаптар
1. Объектінің әкімшілігі Infokazakhstan.kz сайтында сауда жасаушы тұлғалардың жұмыс жағдайларымен міндетті түрде танысады және тиісті келісімге қол қояды.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, қорықтардың, резерваттардың және басқалардың) (бұдан әрі - ЕҚТА) аумағына маска режимін сақтай отырып, құрамында 3 адамнан аспайтын (бір отбасы мүшелерін қоспағанда) жеке тәртіппен баруға рұқсат етіледі.
3. Туристердің ұйымдастырылған топтары құрамындағы ЕҚТА аумағына мемлекеттік тізілімде тұрған туристік компаниялар арқылы, туристерге қызмет көрсету шарттары болған кезде және ЕҚТА әкімшілігі олардың аумағына баруға рұқсат етіледі.
4. ЕҚТА аумағы бойынша экскурсиялық турларды ұйымдастырудың ерекше шарттары:
1) жергілікті атқарушы органдармен келісудің болуы;
2) ЕҚТА-пен келісілген бағыттың болуы;
3) қалыптасқан туристік өнім мен топтық гид, сондай-ақ туристер құрамының болуы;
4) ЕҚТА аумағына кіру кезінде жолаушылар көлігі және жүргізуші, сондай-ақ ілесіп жүретін гид (тар) туралы деректер беру);
5) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау туралы кепілдіктің және қалыптастырылған туристік өнім шеңберінде көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер үшін толық жауапкершіліктің болуы;
6) туристер мен бірге жүретін қызметкерлерді туристік компаниялармен маскалармен және санитариялық ерітінділермен қамтамасыз ету.
Ұйымдастырылған топтардың құрамы 7 адамнан кем болмауы және 15 адамнан аспауы тиіс, ал оларды ұлттық саябақтың аумағына жеткізу және тасымалдау (ЕҚТА аумағына кірген кезде) жолаушылар көлігінің жұмысы үшін бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады;
5. Келушілер маскада болған жағдайда ЕҚТА аумағына жіберіледі. Келушілердің кіру алдында және аумақта маскалар сатып алу мүмкіндігін қамтамасыз ету ұсынылады.
6. ЕҚТА аумағында қоғамдық тамақтану орындары мен объектілерінің қызметі көрсетілген объектілер үшін жалпы белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
7. Туристік өнім шеңберінде орналастыру орындары мен қоғамдық тамақтану объектілері болған жағдайда туристік компаниялардың осы ұйымдармен жасасқан шарты болуы қажет.
Туристік өнім аясында орналастыру орындары мен қоғамдық тамақтану объектілері болған жағдайда, осы ұйымдармен жасалған келісім-шарт болуы керек.
8. Мүмкіндігінше өнімді байланыссыз тәсілдермен, оның ішінде тауарларды сату автоматтарының (вендингтік машиналардың) көмегімен сатуды жүзеге асыру ұсынылады.
9. ЕҚТА аумағында жаппай мәдени-ойын-сауық іс-шараларын, пикниктерді өткізуге және су айдындарында шомылуға тыйым салынады.
10. ЕҚТА және оның аумағында орналасқан объектілердің әкімшілігі:
1) жұмыс орындарында, ұлттық табиғи саябақтарға кіреберісте тері антисептигі бар санитайзерлерді орнатуды;
2) санитариялық тораптар жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы);
3) халыққа қолды антисептиктермен өңдей отырып, маскамен қызмет көрсетуді;
4) іргелес аумақты таза ұстауға, қоқысты уақтылы шығаруды;
5) одан әрі кәдеге жарату үшін таңбаланған контейнерлерде (полиэтилен қаптар) пайдаланылған маскалар мен қолғаптарды орталықтандырылған жинау;
6) Техникалық персоналдың (тазалаушының) жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекция жүргізуін;
7) аумақты жинауға арналған жинау мүкәммалын және арнайы жабдықты (шелектер, щеткалар, шүберектер және т.б.) арнайы бөлінген орындарда тиісінше сақтауды;
8) есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орындар, тамақ ішу, демалу бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, үй-жайларды вирулицидтік әсер ететін құралдармен күніне кемінде 2 рет дезинфекциялай отырып, ылғалды жинау жүргізілуін;
9) дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, келушілердің демалуына арналған шағын сәулет нысандарын, жабдықтарды күнделікті дезинфекциялауды;
10) ұлттық парк аумағында орналасқан объектілердің үй-жайларын жинауға, қызметкерлердің қолын өңдеуге, тыныс алу органдарының ЖҚҚ арналған дезинфекциялық және жуу құралдарының азаймайтын (кемінде бір апта) қорын;
11) денсаулық жағдайы бойынша қарсы айғақтары жоқ кәмелетке толған адамдарды дезинфекциялау құралдарымен жұмысқа жіберуді;
12) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған сақтауды қамтамасыз етуі қажет. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек кезіндегі сақтық шаралары әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған;
13) жұмыс күні ішінде персоналдың дене қызуын бақылау, ЖРВИ және тұмау симптомдары бар персоналды жұмыстан шеттету мақсатында, ал COVID-19 (құрғақ жөтел, жоғары қызба, тыныс алудың қиындауы, ентігу) белгілері жоқ адамдар үшін респираторлық аурулар симптомдарының болуына қызметкерлерден сұрау оқшаулауды қамтамасыз ету және жедел жәрдемді дереу шақыруды;
14) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамды тағайындау, келушілердің қозғалыс ағындарын бөлу, температураны өлшеу, персоналға нұсқама жүргізу, жеке қорғану құралдарын уақтылы ауыстыруды;
15) келушілерді санитариялық нормалар мен қауіпсіздік талаптары туралы хабардар етуді қамтамасыз етуі қажет.
Қарағанды облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 27 тамыздағы
№ 31-Қ қаулысына
34 қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде компьютерлік клубтарға,
бильярд залдарына және боулингтерге қойылатын талаптар
1. Объектінің әкімшілігі Infokazakhstan.kz сайтында сауда жасаушы тұлғалардың жұмыс жағдайларымен міндетті түрде танысады және тиісті келісімге қол қояды.
2. Объектілердің қызметіне мынадай жағдайлар қамтамасыз етілген кезде жол беріледі:
1) объектіні ашар алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі жинау жүргізу (оның ішінде жиһаздың, қабырғалардың және басқа да заттардың бетін дезинфекциялау құралдарымен жинау және өңдеу));
2) дене қызуы жоғары және/немесе инфекциялық ауру белгілері бар адамдарды жұмыс орнында болудан міндетті түрде шеттете отырып, контактісіз тәсілмен дене қызуын өлшеуге арналған аспаптарды қолдана отырып, персонал мен келушілердің дене қызуын бақылау. Көрсетілген симптомдардың белгілері болған кезде келушілерге қызмет көрсетуге жол берілмейді;
3) толтырылуы әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып (1 жұмыс орны арқылы немесе залдағы 1 келушіге 4 шаршы метр есебінен) келушілерді орналастыра отырып, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысының талаптарына сәйкес;
4) компьютерлік клуб объектісінің әкімшілігі келушілердің жеке бір реттік қолғаптарды қолдануын қамтамасыз етеді, келушілер қолғапсыз компьютерлерге жіберілмейді;
5) міндетті түрде маскалар болған кезде персонал мен келушілердің объектіге қол жеткізуі;
6) объектіні қорғау қызметі мен еріктілік қызмет келушілердің, қызметкерлердің маска киюін, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықтың сақталуын міндетті түрде қадағалайды;
7) объектінің персоналы жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі, персоналдың қолғапсыз, маскасыз, сондай-ақ қорғаныш экрандарсыз жұмыс істеуіне жол берілмейді;
8) жұмыс (ойын) орындарын, компьютерлік периферияны (тінтуір, клавиатура, кілемше, құлаққап), жанасатын беттерді, жиһаздарды, құрамында спирті бар тазалағыш құралдарды әрбір келушіден кейін жинау және дезинфекциялау;
9) келушілердің қозғалысын бағыттау үшін еденге тиісті белгілер, қоршаулар мен тосқауыл ленталар салу арқылы әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар жиналуы мүмкін жерлерге жол бермеу;
10) келушілерді хабардар ету мақсатында әкімшілік әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, келушілерді орналастыру жоспарын әзірлейді және кіреберісте орналастырады;
11) келушілердің шотты төлеу кезінде байланыссыз аударымдар мен төлемдерді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, әрбір пайдаланғаннан кейін құрылғыны дезинфекциялау құралымен сүрту;
12) өндірістік бақылау журналына тіркей отырып, профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі;
13) міндетті кварцтау және бактерицидті шамдарды пайдалану. Экрандалмаған бактерицидті шамдарды пайдалану кезінде-адамдар болмаған жағдайда үй-жайларды кварцтау және кейіннен желдету кестесін сақтау.
3. Объектінің меншік иесі:
1) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға жауапты адам тағайындауды (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);
2) кіреберісте, ресепшенде, үй-жайдың әрбір залында және санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлерді орнатуды;
3) ғимаратқа кіреберісте дезинфекциялық құралмен суланған дезинфекциялық кілемше орнатылады;
4) кварц шамдарын пайдалану кезінде олардың мүлтіксіз сақталуына жеке/өндірістік гигиена және бақылау ережелерін сақтау қажеттілігі, қауіпсіздік шаралары туралы қызметкерлер арасында нұсқама жүргізуді;
5) санитариялық тораптар жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы);
6) халыққа ауысымда кемінде екі рет ауыстыруға жататын маска, бір рет қолданылатын қолғаппен және қолды антисептиктермен өңдеумен бүтіндігі бұзылған кезде (келушілермен тікелей байланысы бар қызметкерлер) қызмет көрсетуді;
7) пайдаланылған маскалар мен қолғаптарды таңбаланған контейнерлерге (полиэтилен қаптар) орталықтандырылған жинау, одан әрі қатты тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жарату;
8) Техникалық персоналдың (тазалаушының) жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекция жүргізуін;
9) арнайы бөлінген орындарда пайдаланғаннан кейін жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер) тиісінше сақтау;
10) әрбір 2 сағат сайын жұмыс орындарын және келушілерге арналған үй-жайларды желдетуді;
11) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, байланыс беттерін (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орындар, тамақ ішу, демалу бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, күніне кемінде 2 рет вирулицидтік әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып, ылғалды жинауды жүргізді;
12) үй-жайларды жинау, қызметкерлердің қолдарын өңдеу, тыныс алу органдарының ЖҚҚ үшін дезинфекциялық және жуу құралдарының азаймайтын (кемінде бес күндік) қорының болуы;
13) денсаулық жағдайы бойынша қарсы айғақтары жоқ кәмелетке толған адамдарды дезинфекциялау құралдарымен жұмысқа жіберуді;
14) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған күйде сақтауды қамтамасыз етуі қажет. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек кезіндегі сақтық шаралары әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған.
4. Бильярд залдары мен боулингтер үшін келесі қосымша талаптарды сақтау қажет:
1) би алаңдарында жаппай би өткізуге жол берілмейді;
2) конкурстарды (өз үстелінен шықпай-ақ интерактивті іс-шаралардан басқа), ұжымдық (корпоративтік) іс-шараларды өткізуге жол берілмейді;
3) әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қаулыларының талаптарына сәйкес бильярд және боулингтің жұмыс істеуіне рұқсат етіледі;