(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КАРАНТИНДІК ЖӘНЕ ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ» ҚАРАҒАНДЫ ...

Предыдущая страница

28. ППТК-да ерекше білім беру қажет етілетін балалармен психологиялық-педагогикалық процесті ұйымдастыру белгіленген оқу жүктемесіне, жеке және кіші бағдарламаларға, жеке кестеге және бірнеше ауысымдағы сабақ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

29. Ерекше білім беру қажет етілетін балалармен оқу-дамыту және психологиялық-педагогикалық процесс белгіленген оқу жүктемесіне, жеке, кіші топтық және топтық бағдарламаларға, жеке кесте мен сабақ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

30. Емдік дене шынықтыру ата-аналар (заңды өкілдер) мен педагог (1-1,5 м) арасындағы қашықтықты сақтай отырып, маска кию режимін сақтай отырып, сабаққа ата-аналардың (заңды өкілдердің) рұқсатымен залда өткізіледі.

31. Физио-ем-шараларды, массажды жүргізу кезінде бөлмеде 2-ден аспайтын баланың болуы кушеткалар арасындағы қашықтықты сақтай отырып шектеледі. Физио-ем-шаралар және массаж кушеткалар арасындағы қашықтықты сақтай отырып, үй-жайларды 1 балаға 4 ш.м. толтырған кезде жүргізілуі мүмкін. Балаға медициналық ем-шаралар маска кию режимін сақтай отырып жүргізіледі.

32. ПМПК балаларды консультацияға алдын ала жазу бойынша қызметті жүзеге асырады.

33. Қосымша білім беру ұйымдарында білім беру процесі штаттық режимде санитариялық- эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады. Контингент, кесте, жұмыс кестесі ұйым басшысының бұйрығымен бекітіледі.

34. Топтар бір адамға 4 ш.м. есебінен білім алушылар арасындағы қашықтықты сақтау шартымен құрылады.

35. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған жекелеген білім беру ұйымдарына да осы қаулының жалпы талаптары қолданылады.

 

5. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде техникалық, кәсіптік,

орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарында

сабақ режимін ұйымдастыруға қойылатын талаптар

 

36. Ұйымдарда мынадай эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі:

1) ағынды аудиторияларды, кітапханаларды өңдеу дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ылғалды жинау және кейіннен желдету арқылы күніне кемінде 2 рет жүргізіледі;

2) корпус (корпустар) ішінде қосымша өткізу режимін болжайтын аймақтарға бөлу жүйесі енгізіледі;

3) зертханалық, практикалық сабақтар 1 білім алушыға кемінде 4 м2 қамтамасыз ете отырып жүргізіледі;

4) қажет болған жағдайда оқу процесінде пайдаланылатын жұмыс орындарында, зертханаларда, аудиторияларда мөлдір қалқаларды орнату көзделеді;

5) кітапханалардағы оқу залдары үстелдер арасындағы қашықтықты қамтамасыз ете отырып жұмыс істейді.

37. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары және жоғары білім беру орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарына осы қаулының жалпы талаптары қолданылады.

 

Қарағанды облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 27 тамыздағы

№ 31-Қ қаулысына

44 қосымша

 

 

Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде барлық меншік

нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарындағы қоғамдық

тамақтану объектілеріне қойылатын талаптар

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Білім алушыларға тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану объектілерінде мынадай эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі:

1) білім беру объектісінің ғимаратынан оқшауланған кіретін орын болған жағдайда асханаға кіретін жерде «Ashyq» қосымшасын енгізу қамтамасыз етіледі (асхана персоналының, өнім берушілердің және асхана қызметімен байланысты басқа да адамдардың (білім алушыларды, педагогтерді және білім беру ұйымының персоналын қоспағанда) QR-код (check-in) бойынша тіркелуі);

2) асхана персоналының QR-код (check-in) бойынша «Ashyq» қосымшасы арқылы, оның ішінде басқа да платформалар арқылы кіруі (мысалы, eGov mobile, Aitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz платформасындағы аналогы, www.ashyq.kz сайты);

3) байланыссыз термометрия жүргізе отырып және дене температурасы жоғары және (немесе) респираторлық инфекция белгілері (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) бар адамдарды міндетті түрде оқшаулай отырып, персоналдың күн сайынғы «кіру сүзгісі» (білім беру объектісінің ғимаратынан оқшауланған кіретін орын болған жағдайда);

4) персоналды 100% вакцинациялау (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, сауыққаннан кейін 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда);

5) өндірістік процестермен байланысты жұмыстарды (технологиялық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету, шикізат пен өнімді жеткізу) орындайтын адамдарды қоспағанда, асхана қызметіне байланысты емес адамдардың кіруін шектеу;

6) көпшілік пайдаланатын орындарда (өндірістік үй-жайлар, санитариялық тораптар) қолды сабынмен жууға арналған қолжуғыштар (оның ішінде қабырғалық дозаторлармен жабдықталған), қолды тері антисептигімен өңдеуге арналған дозаторлар, жеке қағаз сүлгілер немесе электр сүлгілер, аяқ педалі бар қоқыс контейнерлері;

7) персоналды келушілермен жұмыс істеу кезінде пайдалануға арналған маскалар қорымен, қолды өңдейтін дезинфекциялық сулықтармен немесе тері антисептиктерімен, қолғаптармен, дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз ету (жұмыс ауысымының ұзақтығына және 3 сағатта кемінде 1 рет маскаларды ауыстыруға қарай). Бір рет қолданылатын маскаларды қайта пайдалануға, сондай-ақ ылғалданған маскаларды пайдалануға жол берілмейді.

2. Асханаға кіре берісте және тамақтану залында қол жууға арналған жағдайлар, келушілердің қолын өңдеуге арналған тері антисептиктері көзделеді, олар көрінетін және қолжетімді жерлерде орнатылады.

3. Арасында кемінде 1,5 метр қашықтық сақтала отырып, 5 адамнан артық кезек құрылмайды.

4. Асхана тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатына сәйкес толтырылады.

5. Отырғызу төменгі сынып оқушыларының басқа білім алушылармен байланысын азайту мақсатында, сондай-ақ әр түрлі сыныптар (топтар, курстар) арасында кемінде 2 м қашықтықты сақтай отырып қамтамасыз етіледі.

6. Асхана персоналы (сатушылар, аспаздар, даяшылар, кассирлер және тамақ өнімдерімен тікелей байланысы бар басқа да персонал) келушілерге қолды жиі өңдей отырып, бір рет қолданылатын маскалармен (маскаларды 3 сағатта кемінде 1 рет ауыстыру) қызмет көрсетеді.

7. Асханаларда өзіне-өзі қызмет көрсету түрі бойынша тарату жүргізілмейді.

8. Келушілердің қозғалысын бағыттау үшін еденге тиісті белгі қою, қоршаулар мен тосқауыл таспаларын салу жолымен қашықтықты сақтау, адамдар жиналуы мүмкін жерлерге жол бермеу, кіретін және шығатын адамдардың қозғалыс ағынын бөлу мүмкіндігін көздеу қамтамасыз етіледі.

9. Асханаларда карантиндік шараларды сақтау мүмкін болмаған кезде, қол гигиенасын сақтау үшін жағдайлар болған кезде тамақты сыныптарға бір рет қолданылатын ыдыста не көп рет қолданылатын ланч-бокстарда жеткізу ұйымдастырылады.

Тиісті алаң бар болған кезде білім беру ұйымдарының ғимарат карантиндік шараларды сақтай отырып, тамақ ішуге арналған қосымша отырғызу орындарымен жабдықталады.

10. Буфет өнімдерін сату жеке қаптамада жүзеге асырылады.

11. Асхананың жұмыс режимі тамақтану залын жинау және дезинфекциялау үшін тамақтану аяқталғаннан кейін (ағындар арасында) кемінде 20 минут үзіліспен мектеп әкімшілігінің келісімі бойынша белгіленеді.

12. Білім беру ұйымының ғимаратында тиісті алаңдар болған кезде тамақ ішуге арналған қосымша отырғызу орындары жабдықталады.

13. Бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу мақсатында асхана тек оқушыларға, педагогтар құрамына және білім беру объектісінің қызметкерлеріне қызмет көрсетеді.

14. Жоғарыда көрсетілген тармақтардың сақталуын бақылауды қамтамасыз ететін жауапты қызметкер бекітіледі.

 

2. Дезинфекциялау режиміне және үй-жайларды жинауға қойылатын талаптар

 

15. Объектінің әкімшілігі ауа температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін ауа ортасын желдету және баптау жүйелеріне (тазарту, жуу, дезинфекциялау. сүзгілерді ауыстыру және т.б.) тексеру жүргізеді. Барлық үй-жайларды желдету күніне кемінде 3 рет жүргізіледі.

16. Желдету және ауаны баптау жүйесін тазарту және дезинфекциялау жоспарлы профилактикалық жұмыстар кестесіне сәйкес жүргізіледі.

17. Тамақтану залында ауа рециркуляторларын орнату қамтамасыз етіледі.

18. Білім беру ұйымының әкімшілігі үй-жайларды жинауға, білім алушылардың, педагогтар мен персоналдың қолын өңдеуге арналған дезинфекциялау және жуу құралдарының азаймайтын (кемінде бір айлық) қорын қамтамасыз етеді.

19. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі. Дезинфекциялау құралдары оларға қоса берілген вирустық инфекциялар кезінде дезинфекциялау режимдері көрсетілген нұсқаулықты қатаң сақталып қолданылады.

20. Дезинфекциялау құралдары өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбадағы жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталады. Ыдыстағы заттаңба дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады, бөгде адамдарға берілмейді және қараусыз қалдырылмайды.

21. Дезинфекция үшін Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген және қолдануға рұқсат етілген және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің бірыңғай тізіліміне енгізілген құралдар қолданылады.

22. Дезинфекция жүргізу кезінде экспозиция уақытын (өңделетін объектінің бетінде дезинфекциялау құралының жұмыс ерітіндісінің болу уақыты) және препараттың нұсқаулығына сәйкес дезинфекциялау құралының жұмыс ерітіндісінің шоғырлануын қатаң сақтаған дұрыс.

23. Объектілерді дезинфекциялау мынадай жиілікпен жүргізіледі:

- тамақтану залының едендері, сауда сөрелері - күніне кемінде 2 рет таңертең және кешке, сондай-ақ қажеттілігіне қарай;

- подностар, тамақ тарату лентасы, есік тұтқалары, кассалық аппараттар, банк терминалы - күніне кемінде 2 рет;

- қоғамдық санитариялық тораптар (еден, санитариялық-техникалық жабдық, оның ішінде крандардың вентильдері, унитаз бөшкелерінің су ағызатын тетігі) - күніне кемінде 3 рет.

24. Жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, таяныштарды және т.б.) вирулицидті әсер ететін дезинфекциялау құралдарымен міндетті түрде дезинфекциялай отырып, ылғалды жинау күніне кемінде 2 рет жүргізіледі.

Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (жұмыс ауысымы 6 сағаттан артық болған кезде - әрбір 6 сағат сайын) есік тұтқаларын, таяныштарды, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақ сүйеніштерін), тамақтану залына (асханаға) кіре берістегі қол жууға арналған раковиналарды, өзіне-өзі қызмет көрсету витриналарын, санитариялық тораптарды, себезгі және тұрмыстық бөлмелерді дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, үй-жайларды ылғалды жинау жүргізіледі.

25. Үй-жайларды күрделі жинау аптасына 1 реттен сиретпей жүргізіледі.

26. Жинау мүкәммалы (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланылғаннан кейін арнайы бөлінген орындарда өңделуге және сақталуға тиіс.

 

Қарағанды облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 27 тамыздағы

№ 31-Қ қаулысына

45 қосымша

 

 

Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде мектепке дейінгі

білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар

 

1. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында:

1) жауапты қызметкерлер барлық персонал мен тәрбиеленушілерге күнделікті «кіру» сүзгісін жүргізеді (байланыссыз термометрмен термометрия, ғимаратқа кіре берісте қолды антисептикпен өңдеу);

2) объектіде жүріп-тұрудың «бір жақты қозғалыс» қағидасы бойынша арнайы нұсқағыштармен, оның ішінде сатылар бойынша көтерілетін жер таңбаланады;

3) кезекте қашықтықты қамтамасыз ету үшін кіре беріс алдында асфальтқа таңба салынады;

4) үй-жайларда, сондай-ақ объектінің ғимаратында да қашықтықты сақтау үшін сигналдық белгілер салынады.

2. Объектіні ашу алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі жинау (оның ішінде жиһаздың, қабырғалардың және басқа да заттардың беттерін дезинфекциялау құралдарымен жинау және өңдеу) жүргізіледі.

3. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мынадай эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі:

1) персоналға арналған санитариялық тораптарда педагогтердің, персоналдың қолын өңдеуге арналған тері антисептигі бар санитайзерлер, лас маскаларды жинауға арналған таңбаланған сыйымдылықтар (урналар) орнатылады;

2) топтық санитариялық тораптарда тәрбиеленушілер үшін дозаторларда сабынның болуы, қол жуу қағидалары бар плакаттардың болуы қамтамасыз етіледі;

3) жинау жиілігі артады (тұтқаларды, таяныштарды, басқа жанасатын беттердің тұтқаларын қосымша өңдеу);

4) топтарда тәрбиеленушілердің қолдарын уақтылы жууды бақылау жүзеге асырылады;

5) күн сайын температураны өлшеу, дене температурасы жоғары және (немесе) респираторлық инфекция белгілері (жөтел, мұрынның бітелуі, Цельсий бойынша 37 градустан жоғары температура) бар адамдарды анықтау үшін, қажетті медициналық жабдықтар және дәрі-дәрмектер бар (термометрлер, қалақшалар, маскалар) медициналық кабинеттер мен изоляторлар жұмыс істейді;

6) айына 1 реттен сиретпей педагогтер мен персонал арасында жеке (өндірістік) гигиена қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы нұсқама және олардың мүлтіксіз орындалуын бақылау (нұсқама өткізу күнін журналда белгілей отырып) жүргізіледі;

7) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамдар тағайындалады (температураны байланыссыз термометрмен өлшеу, педагогтер мен персоналға санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау туралы нұсқама беру, нұсқама өткізу журналын жүргізу);

8) жеке қорғаныш құралдарын кию және уақтылы ауыстыру (маска, қолғап), дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын бақылау, дозаторларды уақтылы толтыру, үй-жайларды, жабдықтар мен мүкәммалды жинау және өңдеу бойынша персоналға нұсқама жүргізіледі;

9) ауаны зарарсыздандыратын жабдықты (рециркуляторлар) пайдалана отырып, ауаны тұрақты зарарсыздандыру және (немесе) оқу, өзге де ұйымдастырушылық процестер кестесіне және жыл уақытын ескере отырып, жұмыс режиміне сәйкес үй-жайларды желдету;

10) профилактикалық тексеру, жөндеу, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялай отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етіледі;

11) педагогтер мен персоналдың маска режимін сақтауы.

4. Балалардың ата-аналары (заңды өкілдері) балаларды мектепке дейінгі ұйым ғимаратының есігіне дейін ертіп барады, ғимаратқа кіруге жол берілмейді.

5. Балалардың объектіге баруы ата-ананың (заңды өкілдің) өтініш-келісімі негізінде ата-ананың (заңды өкілдің) жеке жауапкершілігімен жүзеге асырылады.

6. Сабақтар мен демалыс режимі мынадай талаптарға сәйкес жүргізіледі:

1) серуендеу мен ойын сабақтарының уақыты барынша бөлуді және топтық оқшаулауды қамтамасыз ету ескеріле отырып белгіленеді;

2) үй-жайларды толтырудың жобалық қуаты сақталады;

3) залдарды тұрақты желдету қамтамасыз етіледі (жыл уақытын ескере отырып).

7. Балалардың санын ескере отырып, штатта (немесе шарт бойынша) дәрігердің және (немесе) орта медицина қызметкерінің болуы қамтамасыз етіледі.

8. Дене шынықтыру сабақтарын және басқа да топтық сабақтарды ойнауға арналған оқшауланған алаң болмаған жағдайда көшеде өткізуге (тұрғын үй кешендерінің құрамында орналастыруға) жол берілмейді.

9. Білім алушылардың білім беру ұйымына және одан кері апаруды жүзеге асырған жағдайда жүргізушілер қолды өңдеуге арналған антисептикпен және міндетті түрде талап етілетін жиілікпен ауыстырылатын қорғаныш құралдарымен (маска) жабдықталады, сондай-ақ әр рейс алдында автокөлік салоның кейіннен желдете отырып дезинфекция жүргізу қамтамасыз етіледі.

10. Көлік құралының салоныңда педагогтар, персонал және көлік құралының жүргізушісі маска режимін сақтайды.

11. Мектепке дейінгі тәрбиелеу ұйымдарында ауыз су режимін сақтау қамтамасыз етіледі. Ауыз су, оның ішінде ыдыстарға (графиндерге, шәйнектерге, шағын бактарға) құйылған немесе бөтелкедегі су қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес келеді.

12. Ішу үшін таза ыдыс пайдаланылады. Қайнатылған ауыз су үш сағаттан аспайтын уақыт сақталған жағдайда, оны пайдалануға жол беріледі.

Ауыз су режимін ұйымдастыру үшін объекті басшысының бұйрығымен жауапты адам тағайындалады, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің объектіде болған барлық уақыты ішінде ауыз суға еркін қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.

13. Есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, баспалдақ марштарын, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), ортақ пайдаланатын орындарды (спорт, акт залдары, киім ілетін орындар, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, топтарды вирулицидті әсер ететін дезинфекциялық құралдармен күніне кемінде 2 рет ылғалды жинау.

14. Үй-жайларды күрделі жинау аптасына 1 реттен сиретпей жүргізіледі.

15. Жинау мүкәммалы (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланылғаннан кейін арнайы бөлінген орындарда өңделуге және сақталуға тиіс.

16. Дезинфекциялау құралдары дайындаушының қамтамаларында, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғы, балалардың қолы жетпейтін жерде тығыз жабылып сақталады. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу кезіндегі сақтық шаралары және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек әрбір нақты дезинфекциялау құралын қолдану жөніндегі нұсқаулықта жазылған.

 

Қарағанды облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 27 тамыздағы

№ 31-Қ қаулысына

46 қосымша

 

 

Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде

білім беру, түзету орталықтарының қызметіне қойылатын талаптар

 

1. Объектілердің әкімшілігі (балаларға/ересектерге арналған білім беру, түзету орталықтары) infokazakhstan.kz сайтында міндетті түрде жұмыс жағдайларымен танысады және тиісті келісімге қол қояды.

2. Білім алушылардың білім беру, түзету орталықтарына баруы ата-анасының/камқоршысының жеке жауапкершілігіндегі өтініш-келісімі негізінде жүзеге асырылады.

3. Объектіні ашу алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі жинау (оның ішінде жиһаздың, қабырғалардың және басқа да заттардың бетін дезинфекциялау құралдарымен жинау және өңдеу) жүргізіледі.

4. Қызметкерлерді жұмысқа жіберу жеке медициналық кітапшасы және жұмысқа рұқсаты болған кезде жүзеге асырылады. Қосымша білім беру ұйымына мынадай адамдар жіберілмейді:

1) расталған COVID-19 жағдайларымен байланыс;

2) жіті респираторлық аурулардың белгілері бар адамдар.

5. Объектілердің әкімшілігі мыналарды қамтамасыз етеді:

1) қызметкерлерге, балаларға/ересектерге, ата-аналарға (заңды өкілдеріне) санитариялық- эпидемиологиялық (түпнұсқаға сәйкес)

2) білім беру іс-шараларын өткізу кезінде үй-жай ішінде қауіпсіздік шараларын сақтау (Маска режимі, қашықтықтан тазарту, дезинфекциялау және т.б.).);

3) карантин жағдайында өзін-өзі ұстау ережелері, жадынамалар мен нұсқаулықтар туралы ақпараттық материалдарды жалпыға қолжетімді орындарға орналастыруды қамтамасыз етеді;

4) балалар мен ересектердің қозғалысын бағыттау үшін еденге тиісті белгілер, қоршаулар мен тосқауыл ленталарын салу арқылы әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар жиналуы мүмкін жерлерге жол бермеу;

5) әрбір сабақтан кейін оқу үй-жайларын желдету режимінің сақталуын қамтамасыз ете отырып, білім беру орталықтарының ішіндегі өндірістік бақылау журналына тіркей отырып, профилактикалық тексеру жүргізе отырып (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі;

6) табиғи желдету болмаған жағдайда қоса беріліп отырған нұсқаулыққа сәйкес кварц, бактерицидті шамдарды немесе ауа рециркуляторларын пайдалана отырып ауаны зарарсыздандыру. Кварц шамдарын пайдалану ережелерді қатаң сақтай отырып, үй-жайларды міндетті түрде желдетумен адамдар болмаған жағдайда жүзеге асырылады. Ауа рециркуляторларын адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етіледі.

6. Бір сабақтың ұзақтығы 45 минуттан аспайды.

7. Топтар бір адамға 4 ш.м. есебінен балалар (ересектер) арасындағы қашықтықты сақтау шартымен құрылады, бірақ топта 5 баладан (ересектерден) аспайды.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің келісімі бойынша тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің шешімімен сырқаттанушылық тұрақты төмендеген және жағдай тұрақтанған кезде объектінің жалпы сыйымдылығының келушілермен толтырылуы ұлғайтылуы мүмкін.

8. Ғимаратқа кірер алдында және барлық оқу кабинеттерінде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.

9. Ғимаратқа кіреберісте дезинфекциялау құралымен суландыру әдісімен суланған дезинфекциялау кілемшесі орнатылады.

10. Үй-жайларда қызметкерлердің, балалардың (ересектердің) қорғаныш экрандық маскаларын не қорғаныш күнқағарларын пайдалана отырып, Маска режимі сақталады.

11. Әрбір сабақтан кейін дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, балалардың ойын алаңдарында (егер бар болса) оқу мүкәммалын, ойын, спорт жабдықтарын өңдеу жүргізіледі.

12. Әр 3 сағат сайын дәретханаларды дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жинау жүргізіледі.

13. Санитариялық тораптарда дозаторларда (немесе сулықтарда) сұйық сабынның, қолға арналған дезинфекциялық құралдардың, электрлі сүлгілердің (немесе орамалды сүлгілердің) үздіксіз болуы қамтамасыз етіледі.

14. Ауыз су режимі сақталады (бір рет қолданылатын стақандар).

15. Дезинфекциялау құралдары дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған күйінде сақталады. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек кезіндегі сақтық шаралары әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған.

 

Қарағанды облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 27 тамыздағы

№ 31-Қ қаулысына

47 қосымша

 

 

COVID-19 тіркелген кезде мониторинг және тергеп-тексеру жүргізу мақсатында инфекция

жұқтырған адамдардың және байланыста болған адамдардың деректерін өңдеу алгоритмі

 

1. COVID-19 тіркелген кезде мониторинг және тергеп-тексеру жүргізу мақсатында инфекция жұқтырған адамдардың және байланыста болған адамдарды тіркеу алдын ала сыныптауды пайдалана отырып жүргізіледі:

- Сырттан әкелінетін жағдайлар (әуерейстері, темір жол тасымалдары, авто);

- байланыста болу жағдайлары (инфекция жұқтырған адамдармен жақын байланыс санаттары арасында);

- жергілікті жағдай (инфекция жұқтырудың анықталмаған көздері), оның ішінде:

1) әздігінен жүгіну;

2) профилактикалық мақсатта скрининг жүргізу шеңберінде анықталған.

1.1 Сырттан әкелінген жағдайлардың тіркелуі:

1.1.1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің санитариялық-карантиндік пункттерінің (бұдан әрі - СКП) мамандары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «COVID-19 бақылау орталығы» Веб-қосымшасында немесе басқа елдерден келген жолаушыларды тіркеу үшін нысанның қағаз тасығышында сауалнама жүргізіледі. Сауалнаманы толтыру жолаушылар өздігінен, немесе СКП мамандарының көмегімен толтырады.

1.1.2. Басқа елдерден/өңірлерден келген жолаушыларды тіркеу үшін сауалнаманы толтырудан бас тарту ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін негіз болып табылады.

1.1.3. Басқа елдерден келген жолаушыларды тіркеуге арналған сауалнаманы жолаушылар қағаз тасығышта толтырған кезде рейстер/поездар/автомобильдер келгеннен кейін бес сағаттың ішінде мәліметтерді COVID-19 Веб-қосымшасына көшіреді.

1.1.4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің (бұдан әрі - АД) мамандары өңірдегі COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайға мониторинг жүргізеді, атап айтқанда: 1 (1А, 1Б), 2, 4-кестелерге сәйкес деректер жиынтығын жүргізеді, сондай-ақ инфекция жұқтырған адамдар туралы 12 (он екі) сағаттың ішінде, инфекция жұқтырған адаммен байланыста болған адамдар туралы 24 (жиырма төрт) сағаттың ішінде COVID-19 Веб-қосымшасына деректерді енгізеді.

1.1.5. Республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының (бұдан әрі - ҚДСБ) мамандары № 3 кестеге сәйкес байланыста болған адамдарды медициналық бақылауы қажет. ҚДСБ-ның мамандары 1 (1А, 1Б) және 4-кестелерге сәйкес АД-ге инфекция жұқтырған адамдар туралы барлық деректерді ұсынуы қажет.

1.2. Байланыста болу жағдайларын тіркеу:

1.2.1. Диагностикалық іс-шаралар жүргізілгеннен кейін және байланыста болған адамдарды анықтау бойынша сауалнама жүргізілгеннен кейін инфекция жұқтырған адам анықталған жағдайда инфекция жұқтырған және байланыста болған адамдар туралы деректер осы қосымшаның 1.1.4-тармағына сәйкес COVID-19 Веб-қосымшасына «пациентті енгізу» бөліміне енгізіледі.

1.3. Жергілікті (өздігінен жүгіну және профилактикалық скрининг кезінде анықталған) жағдайлар:

1.3.1. АД-ның мамандары ҚДСБ-нан COVID-19-ға күдікті пациенттің жүгінгені туралы шұғыл хабарлама алған жағдайда осы қосымшаның 1.1.4-тармағына сәйкес ақпарат қалыптастырады.

1.4. Жақын байланыста болуды тіркеу.

1.4.1. Сырттан әкелінген жағдайда жақын байланыс осы қаулының 35-қосымшасына сәйкес анықталады, тіркеу автоматты түрде жүргізіледі.