«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2024 жылғы 29 қарашадағы № 6 Нормативтік қаулысы (2026.01.07. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2024 жылғы 29 қарашадағы № 6 Нормативтік қаулысы

(2026.01.07. берілген өзгерістермен)

 

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мына нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. «Қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңды қолдану тәжірибесі туралы» 1999 жылғы 9 шілдедегі № 7 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 6; 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3; 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 2 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

1) тақырып және тақырыптағы деректемелер мынадай редакцияда жазылын:

«Қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдану практикасы туралы» 1999 жылғы 9 шілдедегі № 7 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы»;

2) бүкіл мәтін бойынша «процессуалдық» деген сөз «процестік» деген сөзбен ауыстырылсын;

3) 1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

«Нормативтік қаулының ережелері бұрын шығарылған айыптау үкімінің күші жойылған және ақтау үкімі шығарылған не қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтарында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған жағдайда жеке айыптау істеріне де қолданылады.»;

4) 2-тармақта:

екінші абзацтағы «Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) деген сөздер «ҚПК-нің» деген сөздерге ауыстырылсын;

бесінші абзацта:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.